Мал маңдымай, шаруа шалқымайды
Ықылым заманнан бастап төл кәсіпке айналған мал бағу бүгінде трендке айналып үлгерді. Алып-сату, өндіріс өндіру жыл өтіп, жаңалықтар жаңғырған сайын өміршеңдігін өзгертсе, басты байлық – денсаулықтың кепіліне баланатын сапалы азық түлікті тұтыну ешқашан сұраныстан түспейді. Оның үстіне бүкіләлемдік пандемея жайлаған тұста бұл өнімдерідің бағасының артуы саланың орнын одан әрі нықтай түсті. Алайда өз ісін дамытып, кәсібін дөңгелеткендердің көкжиегі кең, келешегі кемел деген түсінікті соңғы жылдардағы су тапшылығы салдарынан туындаған құрғақшылық бұзып отыр.
Аудандағы ахуалға жауапты ауылшаруашылығы бөлімінің деректеріне зер салсақ, үстіміздегі жылдың 6 айында алқаптарға 1809 тонна күріш, 39 тонна жаздық бидай, 0,8 тн мақсары, 28 тонна жоңышқа және 11,5 тонна жүгері дақылын егу мал азығының тапшылығын болдырмауға жасалған амал.
Мал басының 2,6 проценті ауыл шаруашылығы кәсіпорындар меншігінде болса, 31,5 проценті шаруа қожалықтардың, 65,8 проценті жеке жұртшылық үлесінде екен.
Қиындыққа қармай, мүйізді ірі қара 42 295 басты көрсеткен. Бұл сан өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қойдың 5,6, жылқының 5,7, түйенің 13,5, құстың 2,1 процентке артқанын аңғартады.
Сауылған сиыр сүті 6491,1 тоннаны құрса, ет өндірісінің көлемі 2369,7 тонна болып, 3,5 процентке ұлғайған.
«Етті бағыттағы мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарлама аясында 2021 жылға аудан бойынша шет елден 125 бас мүйізді ірі, 3750 бас қой сатып алу, 925 бас бұқашықты бордақылау алаңына өткізу, тұқымдық түрлендіруге 6160 бас аналық сиыр 247 бас асыл тұқымды бұқа қатыстыру жоспарланған», – дейді бөлім мамандары. Алайда шетелден мүйізді ірі қара сатып алу жоспары әзірге орындалмаған.
Қой сатып алу жоспары бойынша 4 шаруа қожалығы арқылы 40,2 млн теңге несиеге 1072 бас қой сатып алса, шаруа қожалықтарының 1350 бас қой сатып алу үшін 54,0 млн теңге несие алуға құжаттары рәсімделу үстінде. Тұқымдық түрлендіруге қатысу жоспары да жүйелі орындалған.
Бөлім басшысын айтуынша, жоғарыда көрсетілген индикативтік жоспардан бөлек бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Сырдария-1», «Қазалы Несие» кредиттік серіктертері арқылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 5 шаруашылық 15,4 млн теңге несие арқылы 61 бас мүйізіді ірі қараға қол жеткізсе,, 49 шаруашылық 463,5 млн теңге несиеге 1115 бас жылқы, сонымен қатар, 4 жеке кәсіпкер 71,5 млн теңгеге 78 бас түйе сатып алған.
2021 жылыдың 6 айында барлығы 182,2 млн теңге шаруашылығын дамытушыларға субсидия төленген. Дегенмен жем-шөп дайындау, мал басын асылдандыру және басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарына беріліп келе жатқан субсидияның көлемінің ұлғаймауы шаруа баққан жандар үшін тиімсіздігін тудырып отыр. Нәтижесінде мемлекттік қолдау күн сайын құнын жоғарылатқан мал азығын алу, өнімдерін сатуға кедергесін келтіреді.
Мал баққанға бітеді. Жайлауда қой жайып, жылқы қайырып жүрген жандардың кездесетін қиындығы ұшан-теңіз. Өткен жылдармен салыстырғанда ауданда мал өсімінің көрсеткіші оны кәсіп етушілердің қатары көбейгендігін ұғындырады. Мұнан да молаюына мал иелері бақташының тапшылығы кедергі келтіріп отырғандығымен байланыстарады. Расында, мал бағу оңай шаруа емес. Қысы-жазы отбасынан жырақтап, дала кезу қиынның-қиыны. Екіншіден, ақысы мардымсыз, тіпті кейбір кезде төленбей жатады. Байқағанымыз, мал иесі жадамалы жұмысшы арасындағы келісім көбінесе ауызша жасалып, зейнетақы қорына ақша аударылмайды.
Кәсіпкер Айдын Қалиұлы: «Әкемізден қалған азын-аулақ малмен шаруа қожалығын ағайындар болып құрғанымызға көп болған жоқ. Алғашқы да өзіміз бақсақ, кейіннен кредит алып жұмысшы алып, мал санын ұлғайттық. Айлық жалақысын уақытылы берсек те, мал бағушылар тұрақтамайды. Қазір ақысын 90-100 мыңға ұлғайттық. Қажетті заттарын, азығын жеткізіп береміз, сойысқа мал беру де қарастырылған. Малшы ауыстыру малдардың жағдайын кетіреді. Жаңа жұмысшы келіп, шаруаны толық меңгергенінше бірталай уақыт алады. Ал сырттан адам әкеліп бақтыру қауіпті, әрі қазіргідей карантин кезінде мүмкін болмай отыр.
Қазіргі жем-шөп қымбаттап, тапшылық болып жатқан тұста, төрт түлік өсірушілерге көмек керек», – дейді. Кейіпкеріміздің сөзінде жан бар. тәжірибеге сүйенсек, одақ тұсында малшыларға жан-жақты жағдай жасалған. Заттың ең құнды, тапшысы, алдымен шопандар мен қойшйларға жеткізелетін. Мәдени-үгіт бригадасы, көшпрелі кино, газет-журналдар үнемі жеткізіліп, олардың жұмысы үнемі наисхатталып, назардан тыс қалмағанын көбіміз білеміз. Егем мемлекет осы бастаманы қайта жаңғыртуды қолға алса, бірнеше мәселенің түйіні тарқар еді. Алдымен жұмыссыздық жойылса, олардың отбасының әлеуметтік мәселесесі шешіледі, ынталанады. Басылым беттерінде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жастарды ынталандырсақ, оған деген қызғушылықты арттырар едік деген орынды бастама көтеріліп жүр. Мәселе шешілсе, сапалы көрсеткіш талап ету орынды болар еді.
Бұл орайда басты мәселенің бірі жем-шөп шаруашылығын дамытуда көп қаражат қажет етпейтiн жайылым жүйесiн енгiзу. Бұл орайда ата-бабалардың қалыптастырып кеткен жүйесі – отар, келе, үйірлердің қонысын маусымға сәйкес кезектестіру. Ал жерді жалға алған шаруаларда ондай мүмкіндік жоқ. Олар өздерiне бекiтiлiп берiлген аумақтарындағы жайылымда ғана жайып, бағады. Өрістің сапасыздануына қарсы келесі амал-суы тапшы, бұрынғы жарамсыз жайылымдарды қолға алып, бұрынғы құдықтар мен су көздерiн ашу ісін қалпына келтiру. Ғылыми тұжырымдарда қазiргi қалыптасқан ауыспалы жайылым жүйесiн енгiзу үшiн шаруа қожалығының аумағында әртүрлi өсiмдiктер қауымдастығынан тұратын кемiнде екi жайылым түрi болуы тиiстігін айтады.
Мамандар мал шаруашылығы саласын дамытуға келтіретін негізгі қадау-қадау кедергілерді айтады. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірудің ұсақ тауарлылығы, асылдандыру жұмыстарының қалыс қалуы, азық базасының аздығы, жайылымдық алқаптардың жүйесіз қолданылуы, арнайы етті тұқымды малдардың санының аз болуы бар.
Ал ауылдағы ағайынның кездесіп отырған келеңсіздігі мал бағу мен ұстаудың бектілген қағидасының болмауынан туындуда. Егер жануарлар дүниесн қорғау туралы заң аясында жергілікті орган арнайы тәртіп белгілесе, қораға мал бағу мен өсіру оңайлана түсері анық. Бақташының құқығы мен міндеттерін белгілеп, жайылымды анықтап, мал иесі мен бағушының жауапкершілігін айқындау – уақыт талабынан туындап отыр. Бастама қолға алынса, мал жаюды ұйымдастыру малдың денсаулығын жақсартуға және оның өнімділігін арттыруға ең тиімді шара болмақ.
Еліміздегі су тапшылығы салдарынан туындаған қиындықтарға орай ауданда мәселеге маңыз беріліп, жұмыс кестесі бекітіліп, жем-шөп айындау ісін ұйымдастыру қолға алынған. Алайда ол қазіргі жағдайды қиындатпауға септескені болмаса, шаруалар жағдайын түбегейлі шеуге жеткіліксіз. Мал маңдымай, шаруа шалқымайды. Саладағы салғырттықтың бәрін жергілікті билік пен төрт түлік иесіне жабу жағдайды оңтайландырмай, керісінше қиындата түседі. «Анық шаруа арығын Айналдырар семізге» деп төл кәсіпті тынысы, жұмысы етіп отырғандардың ісін ілгерілетуге мемлекеттік тұрғыдан оң көзқарас танылыса, Қадір ақынның айтқаныдай «Азандағы мал үні, бабамыздың гимні» дейтін көркем көрініс оралып, ата жолы абыроймен жалғанар еді.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА