Береке негізі – бүгіннен
Қазіргі таңда астық өндірісін арттыру ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алдына қойылып отырған негізгі талаптардың бірі. Осыған орай дәнді дақылдардың ішінде күріштің алар орны ерекше. Бұл ең сапалы, шығымдылығы жоғары әрі табысты дақыл болғандықтан, оны өсіп-өндіруге де ауыл диқанының көп маңдай тері қажет.
Биыл жоспар бойынша егілетін егісті суармалы сумен қамтамасыз ету және күріш егісін оңтайландыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру 17511 гектарға межеленіп отыр. Атап айтқанда, дәндi дақылдар 7501, майлы дақылдар 108, мал азықтық дақылдар 7652, картоп, көкөнiстік бақшалық 2250 гектарды құрайды. Ал негізгі дақыл күрiшке 6341 гектар бөлінді.
Егіс үшін 1909 тонна күріш, 195 тонна жаздық бидай, 66 тонна арпа, 38 тонна жоңышқа және 3,4 тонна мақсары дақылының тұқымдары дайындалды.
Сонымен қатар 7500 гектар сүдігер көтерілді. Бұдан басқа, сүрлемдік жүгеріге арналған қажетті 24 тонна тұқымды сатып алуға Алматы қаласындағы «Будан» ЖШС-мен алдын ала келісім жүргізілді.
Дайындалған 1909 тонна күріш тұқымының 336-сы І-ші, 526-сы ІІ-ші және 1047-сі ІІІ-ші репродукциялы дәрежеге жеткізілді. Оның 250 тоннасы “Новатор”, 446-сы “Лидер”, 877-сі “Янтарь”, 320-сы “Фоварит” және 16 тоннасы отандық “Айкерім” сорттарынан іріктелген.
Сондай-ақ сұрып жаңарту мақсатында «Рза-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Мағжан и К» серіктестігінен 40 тонна “Янтарь”, «Жалаңтөс батыр» ЖШС, «Мағжан и К» ЖШС-нен 25 тонна “Янтарь”, 30 тонна “Лидер” және «Агро Өркен» ЖШС «Абзал и К» ЖШС-нен 100 тонна “Янтарь” тұқымының таңдаулы сортын алғалы отыр.
Осы жылдың егісіне барлығы 4637 тонна тыңайтқыш, 7891 литр гербицид қажет. Бұған сәйкес шаруашылықтар “Байдала”, “Таразский мет.завод”, “Каз азот”, “Платина Азия”, “UZKAZCHa6” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен және «Мырзатаев А» жеке кәсіпкермен келісімге келді. Қазір 3049 тонна тыңайтқыш жеткізілді. Ал гербицид алу үшін “Био Техник” және «UKAZ group» ЖШС-мен алдын ала келісімшарт жасалған.
Техника дайындығына тоқталсақ, аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына қажетті 142 трактор, 55 соқа, 22 дән сепкіш, 12 жүк көлігі, 56 трактор тіркемесі толық жөндеуден өткізілді. Жанар-жағар май мәселесі де оңтайлы шешілді. Көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдікпен 1 литрі 170 теңгеден 1430 тонна, оның ішінде наурыз айына 465, сәуір айына 465, мамыр айына 500 тонна дизель отыны бөлінді. Оны жеткізіп беруші оператор ретінде «Нефтьтранс-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленді.
Бүгінде ауданға барлығы 210 тонна дизель отыны жеткізіліп, шаруашылықтарға таратылды. Яғни “РЗА-Агро” мен “Сыр Маржаны” серіктестіктеріне 90 тоннадан, “Жалаңтөс батыр” ЖШС-не 30 тонна берілді. Сондай-ақ өз қаражаттары есебінен 210 тонна дизель отыны, 10 тонна қою май және 20 тонна бензин сатып алынды.
Суармалы сумен қамтамасыз ету және су жүйелерінің жайы жөнінде айтсақ, дақылдарды тұрақты сумен қамтамасыз етуге 666,16 миллион текше метр суармалы су лимитіне келісім алынды. Ол экологиялық қажеттілік пен егістікке қолданылады.
Сонымен қатар ішкі шаруашылық каналдарының су жолдары қамыстан тазартылып, 3 дана гидробекет және 3 дана су сору қондырғысы жөнделді. Бұдан бөлек, биыл 18500 гектар шабындық пен жайылымдық жер суландырылды.
Қазіргі таңда ауданда шаруашылықтар 4367 гектар ескі жоңышқа дақылын толық тырмалап, оның 3115 гектары суғарылды.
Бұл күндері мақсары мен жаздық бидай егу толық аяқталса, жаңа жоңышқа 2470, арпа 300 гектарға егілді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА