Министрлік: Елде коронавирустан емделіп жатқан 1677 адамның жағдайы ауыр
Қазақстанда 31 шілдедегі мәлімет бойынша, 95 998 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Соңғы деректерге сүйенсек, емделіп жатқандардың ішінде 27 004 пациент стационарда, 68 994 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 677 адамның жағдайы ауыр; 349 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланса; 334 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республкасы Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялаған болатын. Соңғы деректер бойынша: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұрса, «Сары» аймақта: Түркістан облысы ғана орналасқан. Сонымен бірге, елімізде өткен тәулікте тағы 7691 адамнан ПТР арқылы коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған едік. Осылайша, елімізде пандемия басталғалы бері қауіпті дертке шалдыққандар саны 572 576-ға жетіп отыр.