Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » КВИ жағдайлары 1,5 есеге артқан. Сағынтаев шұғыл кеңес өткізді

КВИ жағдайлары 1,5 есеге артқан. Сағынтаев шұғыл кеңес өткізді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясына қатысты кеңес өтті.Отырыс барысында СOVID-19-дың жаңа толқынының алдын алу мен таралу мәселелері талқыға түсті.

Айта кететін жайт, өткен кезеңмен салыстырғанда індет жұқтыру жағдайларын тіркеу 1,5 есеге артқан. Яғни 5901-ден 9077 жағдайға дейін ұлғайды. Күнделікті өсім 1,7%-ды құрап отыр. 23 шілдеден бастап коронавирус инфекциясының тәуліктік тіркелуі 1 мың жағдайдан асқан. Шілде айында бұл 22 498 жағдайды құрады, - делінген хабарламада.
Алматыда COVID-19 төртінші толқынының шырқау шегі тамыздың ортасына күтілуде. Ал қыркүйектің басында төмендеуі мүмкін. Соңғы 7 күн ішінде симптомды науқастардың үлес салмағы артуда әрі 90,7%-ды құрайды.

Бұл COVID-19 қоздырғыштарының арасында «дельта» нұсқасының басымдығын көрсетеді. Қаланың СЭБД-нің басшысына еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Мегаполисте коронавирус инфекциясының таралу қарқынын болдырмау үшін карантиндік шараларды күшейту қажет. Алматы әкімі коммуналдық кәсіпорындар мен бизнес-қауымдастықтар ұжымдарын вакциналауды күшейтуді тапсырды.
30 шілде 2021 ж. 334 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930