Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде коронавирустан өлім дерегі бойынша антирекорд тіркелді

Ресейде коронавирустан өлім дерегі бойынша антирекорд тіркелді

Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді. Өткен 24 сағат ішінде COVID-19 салдарынан 780 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей коронавирус инфекциясының тарауына қарсы күрес штабына сілтеме жасап.

Бұған дейін тәуліктегі антирекорд 10 шілдеде тіркелген - 752 өлім жағдайы. Өткен тәулікте 780 адам қайтыс болғаны айтылып отыр. Ауру пайда болғалы Ресейде 144 492 адам қаза тапқан.
Атап айтқанда, Санкт-Петербургте 108 адам, Мәскеуде - 103, Иркутск облысында - 32 адам қайтыс болды.
"Дельта" штамына байланысты Ресей Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған нұсқаулықтардың жаңа нұсқасын дайындап жатқаны айтылады.
Дегенмен Мемлекеттік Думаның депутаты және Ресейдің бұрынғы бас санитария дәрігері Геннадий Онищенконың айтуынша, инфекциядан ең маңызды қорғаныс - коронавирусқа қарсы вакциналау. Ол барлық ресейлікті COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салдыруға шақырды.
14 шілде 2021 ж. 662 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930