Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан халқының тең жартысы 50 мыңға жетпейтін жалақыға өмір сүреді

Қазақстан халқының тең жартысы 50 мыңға жетпейтін жалақыға өмір сүреді

Қазақстандықтардың жартысы 49,6 мың теңге жалақыға өмір сүреді. Ұлттық статистика бюросы 2020 жылы Қазақстандағы медиандық жалақы мөлшерін жариялады.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2015 жылы орташа табыс 33,9 мың теңгеге тең болған, ал 2011 жылы халықтың жартысы 25,4 мың теңгеге өмір сүрген.

Алматылықтардың орташа табысы былтыр 69,6 мың теңге, қарағандылықтардың 64,1 мың теңге, СҚО тұрғындарының 58,8 мың теңге болды.
Ең аз орташа табыс оңтүстік өңірлердің тұрғындары арасында болды. Жамбыл облысы тұрғындарының жартысы 41,2 мың теңгеге, Шымкент қаласы — 40,5 мың теңгеге, Түркістан облысы – 35,6 мың теңгеге өмір сүрді.

Бұл рейтингтегі бірінші және соңғы орын арасындағы айырмашылық екі есе дерлік болды.
Бұл ретте Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2020 жылы 115 мың теңгеге жетті. 2011 жылдан бастап бұл көрсеткіш 2,5 есе (45,9 мың теңге) өсті.

Орташа табыс (2020 ж., мың теңге)

Алматы қ.

69,9

Қарағанды 

64,1

CҚО

58,8

ШҚО

57

Нұр-Сұлтан

56,9

Ақмола

56,2

Павлодар

56,1

Алматы

54,1

Қостанай

50,4

Ақтөбе

47,2

Атырау

46,9

Маңғыстау

46,3

БҚО

46,1

Қызылорда

42,7

Жамбыл

41,2

Шымкент

40,5

Түркістан

35,6

Медиандық табыс — «кіріс қатарының» ортасындағы соманы көрсететін және оны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш. Яғни, қазақстандықтардың жартысы осы шамадан жоғары, ал екінші жартысы жоғары табысқа ие. Табыстың біркелкі бөлінбеуі неғұрлым көп болса, орташа табыс пен медиананың арасындағы айырмашылық соғұрлым көп болады.
19 шілде 2021 ж. 708 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 42

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930