Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина паспортын тексеретін қосымша таныстырылды

Вакцина паспортын тексеретін қосымша таныстырылды

Әзірбайжанда вакцина паспортын тексеруге арналған мобильді қосымша таныстырылды, деп жазады egemen.kz
 Қосымшаны Әзірбайжан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар жөніндегі мемлекеттік агенттіктің «Электрондық үкіметті дамыту орталығы» әзірлеген.
1 қыркүйектен бастап іске қосылатын мобильді қосымшаны isazә.e-gov.az порталы арқылы анықталған уәкілетті адамдар пайдалана алады. Қолданба уәкілетті тұлғаға құжаттың QR кодын тексеру немесе жеке куәліктің мәліметтерін енгізу арқылы COVID паспортының немесе иммунитет сертификатының жарамдылығын тексеруге мүмкіндік береді.
Электрондық үкіметті дамыту орталығының директоры Фариз Джафаровтың айтуынша, егер адамның қолында вакцина паспорты болмаса, оны FIN нөмірі арқылы тексеруге болады.
«Егер азаматта COVID төлқұжаты болмаса, онда экранда бірден ескерту пайда болады және бұл адам Министрлер Кабинетінің қаулысында көрсетілген орындарға жіберілмейді», деп атап өтті Ф. Джафаров.


28 шілде 2021 ж. 769 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930