Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтардың аралдық ағайындарға көмегі

Қазалылықтардың аралдық ағайындарға көмегі

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігі мен дербес бөлімдер және Көларық ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымы Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржаны» ЖШС-ның күріш алқабында «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып, шөп орды.

Негізгі мақсат көршілес Арал ауданында орын алған қуаңшылықтың қиындығын бірге еңсеру және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету.
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар, аудан әкімінің орынбасарлары Күнтілес Назымбеков, Жалғас Сүйеубаев, Ғалымжан Еркебай және дербес бөлім басшылары да қолдарына орақ алып, іске кірісті.

Шөп оруға қатысқан азаматтарды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қолдауға арнайы келіп, сәттілік тіледі.
«Ауылы аралас, қойы қоралас» аралдық ағайындарға қиын сәтте қол созу мақсатында ұйымдастырылған шарада орылған шөп көршілес ауданға жіберілетін болады.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
24 шілде 2021 ж. 551 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031