Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер қойнауы қадағалануда

Жер қойнауы қадағалануда

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен басқосуға әкім орынбасарлары Күнтілес Назымбеков, Жалғас Сүйеубаев, аппарат басшысы Қайрат Әбубәкірұлы, дербес бөлім және мекеме-кәсіпорын басшылары, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейітов хабарлама жасап, Қазалы ауданында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар қатары азаймай отырғанын атап өтті.
– 2020 жылы жерлерді заңсыз иемденіп, құм, саз алған 4 серіктестік пен 1 мекеме және 1 жеке тұлға анықталып, заңдылықтарға сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік шара көрілді. Жыл басынан бері Басықара ауылынан заңсыз құм алып жатқан тағы бір тұрғын анықталып, шара көру үшін тиісті департаментке хат жолданды, – деді Еркін Нұржаубайұлы.
Сондай-ақ бөлім басшысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу, жердің бір бөлігін басқа мақсатқа пайдалану, жер учаскесін заңсыз артық пайдалану, аукционға ұсынылатын жерлер, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аймақтар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы баяндады.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бөлім басшысына карьер мәселесіне байланысты кәсіпкерлердің құжаттарын дайындауды бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін табыстамаған ауылдық округ әкімдеріне белсенді жұмыс істеуге шақырды.
Басқосу мұнан соң аппарат мәжілісіне ұласып, онда маңызды мәселелер қаралды.
Мәжілісте алдымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев аудандағы жұмыспен қамту мәселесі және әлеуметтік төлемдердің жағдайы туралы баяндама жасады.
Ал аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сыдықов көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселене қатысты атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Ауданда 7 наурыз бен 9 мамыр аралығында санитарлық тазалық айлығы болып белгіленіп, сенбіліктер ұйымдастырылды. Нәтижесінде қала, кент және елді мекендер аумағынан 7300 текше метр қоқыс жойылып, 2800 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар арнаулы орындарға шығарылды. Аталған шараларға мыңнан астам адам мен 25 арнаулы техникалар жұмылдырылды. Одан бөлек, 20 наурыз күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Таза табиғат» ұлттық жобасының тұжырымдамасына байланысты «Бірге таза Қазақстан», «Мекенім – жасыл орманым» атты акциялар өткізілді. Акция барысында қала, кент және ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, 4 мыңнан астам көшеттер мен қаламшалар отырғызылды, – деді Жасұлан Жиентайұлы.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беріп, елді мекенге кіреберістен таза болуы қажет екендігін ескертті.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
30 наурыз 2021 ж. 2 490 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 130

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 133

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 135

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 124

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 120

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 130

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031