Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ертеңі екпеде

Ел ертеңі екпеде

Өңірдегі ахуал күрделеніп келеді. Сәт сайын індет жұқтырғандардың саны артып, көрсеткіш еселенуде. Мұны тежеудің тиімді жолы жұртшылықты вакцинациялау екені белгілі. Сол үшін ауданға инфекцияның алдын алуға байланысты салынатын тағы да 900 вакцина әкелінді. Оның 600 данасы Қазалы ауданаралық ауруханасына келсе, 300-і Қазалы теміржол ауруханасына берілді. Бұл екпелер білім саласы мен құзырлы орган қызметкерлеріне салынатыны да айтылған.
Көп ұзамай вакцинациялау жұмыстары басталып, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде білім саласының мамандары вакцина қабылдауда еселенуде. Ұстаздар қауымын вакцина алуға үндеген ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов екпені бірінші өзінен бастап салдырды.
– Бүгін алғашқылар қатарында ­«Спутник V» вакцинасын қабылдадым. Вакцина салар алдында дәрігерлер барлық тексеруден өткізіп, денсаулығымды бақылады. Бұл ең алдымен өзімді және жақындарымды қорғау мақсатында жасалған қадам. Оның үстіне қызмет бабында көптеген адаммен қарым-қатынас жасайтындықтан, өзгелердің саулығы үшін де дұрыс шешім деп білемін. Індеттің өршуін тоқтау үшін өзіңіз бен өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, вакцина салдыруға шақырамын. Біздер үшін отбасымыздың, оқушылар мен ата-аналардың, барша педагогтардың саулығы маңызды. Бұл кеселді бірлесе отырып еңсеретінімізге сенімдімін, – деді Әділхан Оңдасынұлы.
Мұнан бөлек екпе алуға келгендер бірқатар білім беру ұйымының басшылары мен педагогтары болды. Сондай-ақ олардың қатарынан 400-ге жуық педагог екпе алуға ниет білдірген екен.
Қазалы ауданында Батырбек Тәңірбергенов басшылық жасайтын бұл білім ордасынан бөлек, №266 мектеп-лицей және «Жетес би» емханасы мен теміржол емханасында вакцина салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, вакциналау екі кезең бойынша өтеді. Яғни алғашқы компонентін алған адамға 21 күннен кейін екінші дозасы салынады. Сонымен қатар коронавирус инфекциясының алдын алуға бағытталған бұл вакцина жұқпалы індеттің алдын алуға ­байланысты аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелеріне де егіледі.
Елдегі қауіпті індеттің көзін жою үшін карантин талаптары күшейтіліп, түрлі сақтық шаралары жасалуда. Алайда ақ халаттыларлардың дабыл қағуы орынды болып індеттің бетін қайтарар бірден-бір күш – вакцина екені белгілі болды.

А.БАҚЫТҰЛЫ
17 сәуір 2021 ж. 1 843 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930