Қазалыға тағы да 900 вакцина әкелінді
Қазалы ауданына коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты салынатын тағы да 900 вакцина әкелінді. Оның 600 данасы Қазалы ауданаралық ауруханасына келсе, 300-і Қазалы теміржол ауруханасына берілді.
Бұл екпелер білім саласы мен құзырлы орган қызметкерлеріне салынады. Сондай-ақ, жұқпалы індеттің алдын алуға байланысты аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері де вакцияналанады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат