Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан айтта «Халал» қасапханалар қызмет көрсетеді

Құрбан айтта «Халал» қасапханалар қызмет көрсетеді

Қазіргі таңда республика бойынша «ҚМДБ Халал» сертификатына ие болған 30 қасапхана мен 567 қасапшы тіркелген. Қасапшылық – сауапты hәм жауапты іс. Құрбан айт қарсаңында осындай тақырыппен онлайн-семинар өтті. Жиында құрбан шалу рәсімінің шариғаттағы шарты мен талабы, басты қағидасы мен ережесі түсіндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен барлық өңірде құрбандық шалынатын орындарды әзірлеу, қауіпсіздік пен тазалықты қамтамасыз ету, қасапшы даярлау мәселесіне қатысты шаралар атқарылды. Семинарда ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ғұламалар кеңесінің мүшесі Хасан Аманқұл қасапхана қызметкерлеріне құрбандық малын сою, ал кәсіби технологтар халал стандартқа сай мал бауыздап, ет өңдеу жөнінде дәріс оқыды. «Қазіргі таңда республика бойынша «ҚМДБ Халал» сертификатына ие болған 30 қасапхана мен 567 қасапшы тіркелген. Еліміздің барлық өңіріндегі «Халал Даму» сертификаттауынан өткен қасапшылар мен қасапханалар Құрбан айт мейрамында халыққа қызмет ұсынады», – деді «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы.
16 шілде 2021 ж. 562 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031