Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан шалу кімдерге міндет емес

Құрбан шалу кімдерге міндет емес

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрбандық шалудың кімдерге міндеттелгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сары» және «жасыл» аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарда азаматтардың денсаулығына ерекше көңіл бөлу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады. Атап айтқанда, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді, «көк», «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана жіберіледі», - деді Е. Оңғар. Осы ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстардың әкімдіктері Ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктері, ҚМДБ-мен бірлесіп, еліміздің өңірлерінде «Аshyq» мобильді қосымшасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. «Қасапханаға маска тағып, арақашықтық сақтап, дене қызуы бар адамдардың жақындауына жол бермеуге тиіспіз. Жасы 65-тен асқан қариялар, әйелдер мен балалардың барынша құрбан малын шалатын орындарға баруын шектеуге шақырамыз. Қазіргі уақытта қасапханаға қойылатын тәртіп жоғары. Оны ұдайы бақылап, келушілермен арадағы байланысқа жіті мән беруіміз керек. Ең бастысы малды шариғат талаптарына сәйкес бауыздап, сойылуын қатаң қадағалау қажет», - деді Ершат Оңғар. Айта кетейік, 2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылады. «Сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өтсе, «қызыл» аймақтарда пандемия жағдайында шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес, qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде құрбан шалынады.


15 шілде 2021 ж. 510 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 100

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 95

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 96

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 88

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930