Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімі болуға ынталылардың қатарында мұғалімдер көп

Ауыл әкімі болуға ынталылардың қатарында мұғалімдер көп

Аймақ бойынша ауыл әкімдерін сайлауға қатысты Қызылорда облысында бүгінге дейін 41 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Бүгінгі күнге өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 19-ның мемлекеттік қызмет заңнамасы мен қойылған біліктілік талаптарға сәйкестігі анықталды, қалғаны анықталу үстінде. Өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 2-і әйел болса (4,9%), қалған 39-ы (95,1%) ер адамдар.

Ұсынылған кандидаттардың орта жасы шамамен 40 жасты құрайды.
Ең жас кандидат 28 жаста (2 кандидат), ең үлкені 58 жаста (2 кандидат).
Кандидат болып ұсынылғандардың мамандықтар бөлінісі бойынша: мұғалімдер – 14 (34,2%), заңгер – 10 (24,5%), экономиқа-қаржы – 7 (17,1%), инженер-технолог – 3 (7,3%), ІТ-технология – 2 (4,9%), ветеринар – 1 (2,4%), жергілікті өзін-өзі басқару – 1 (2,4%), журналист – 1 (2,4%), саясаттанушы – 1 (2,4%), статист 1 (2,4%).

Ұсынылғандардың қызмет ету салалары бойынша бөлінісі: мемлекеттік қызметшілер – 20 (48,8%), бюджеттік ұйым өкілдері – 16 (39,0%), коммерциялық ұйым өкілдері 2 (4,9%), уақытша жұмыссыздар – 3 (7,3%).
Өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 13-і өздерінің партияға қатыстылығы туралы көрсеткен мәліметтерінде «NurOtan» партиясының мүшесіекендігін білдірген. Қалғандары партияға қытыстылығын көрсетпеген.
Қазіргі таңда ауылдық округ әкіміне кандидат болып өзін-өзі ұсынғандардың арасындағы біліктілік талаптарға сәйкестігі анықталғандары өздерінің сенімді өкілдері арқылы тиісті сайлау округі сайлаушыларының қолдау қолдарын жинауға кірісіп кетті.
03 шілде 2021 ж. 863 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31