Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарық пен қауіп

Жарық пен қауіп

Адамзат жетістігінің басты құралы болған электр энергиясының қолданысқа енуі өркениеттің өрлеу қадамына жол ашты. Ғылыми техникалық эволюция қарыштаған қазіргі кезеңде оған деген сұраныс тіпті жоғары. Яки электр энергиясынсыз өмірді елестету мүмкін емес. Аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік беретін бұл табиғи ресурстың қадіріне жетіп жүрміз бе? Бүгінде әлемді отынмен және шикізатпен қамтамасыз ету проблемалары туындап отырғанын көбіміз түйсіне бермейміз. Бұл орайда таяу болашақта қоры сарқылатын, біз білуге тиісті қауіп қандай? Мәселенің мән-жайына үңілмекке бекіндік.

Құнын жоймаған құбылыс
Электр қуаты қалай пайда болғандығы туралы сұраққа нақты жауап табу мүмкін емес. Біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырда энергиясын пайдаланудың ұзақ жолы іске қосылды. Тарих құбылыс деп аталған, ежелгі Грецияда өмір сүрген философ Фалес Милецкийдің тәжірбиесіндегі үгітілген кәріптас пен жүннің қатысуынан пайда болған өнертабыс көптеген игіліктің бастауы болды. Бұдан кейін бұл жаңалықты әр кезеңде түрлі ғалымдар жаңғыртты, дамытты. Уақыт алмасып, түрлі нанотабыстар құпиясы ашылып, қолданысқа енсе де, энергетика жүйесіндегі электр энергиясы мен қуатын өндіру және жабдықтау экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы саналады.
Электр энергиясы электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанындағы жылу электр станциялары және өзен-сулардың бойындағы су электр станциялары болып бөлінеді. Жылу электр стандияларында отынның жылу энергиясы электр энергиясына түзілсе, қазірде дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының біраз бөлігі атом электр станцияларына тиесілі.
Шикізат қоры шектеулі ме?
Қоғамның дамуы алуан түрлі ресурстарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Ал оны алатын табиғат адамның мекен ортасы болумен қатар, тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне қажетті ресурстармен қаматамасыз ететін шикізат көзіне баланады. Шикізатты пайдалану ауқымы мен деңгейі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен сараланады. Яғни сұраныс жер шарында халық санының өсуі, өндірістің қарқынды дамуына байланысты жылдан-жылға ауқымын кеңейтуде. Бұл орайда мамандар соңғы ХХ ғасыр ішінде жер қойнауынан адамзаттың бүкіл тарихында өндіргенін әлдеқайда көп пайдалы қазбалар алынғандығын алға тартады. Соңғы бір ғасырда қазба отын түрлерін тұтыну көлемі 30 есеге артқан. Осы орайда мұндай жыл өткен сайын артып келе жатқан сұранысты өтеу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп шикізат қажеттілігі туындайды. Осылайша шикізат пен энергетика проблемасын ауқымы жағынан ғаламдық проблемалар қатарынан көрінуде. Ал ғалымдар соңғы он жылда қазірде аса маңызды энергетикалық және минералды шикізат түрлерінің қоры шектеулі екендігін айтып, дабыл қағуда
Тапшылық қайтсек жойылмақ?
Энергетикалық ресурстар өндірісінің өзгерісі тұтыну салаларының қарқында дамуы – энергетикалық шикізаттың тапшылығына және олардың бағасының күрт артуына себепші. Оларды өндіру, тасымалдау барысында экологиялық талаптарды орындау қажеттілігі туындайды. Экологиялық талаптар энергетикалық проблеманы туындатады. Бүгінгі өндіріс бастапқы энергетикалық ресурстар: мұнай, табиғи газ, көмір, жанғыш тақтатас, шымтезек, ағаш, су ресурстары қорының шектеулі болуы қалпына келетін немесе сарқылмайтын балама ресурс түрлерін пайдалануды ұсынады.
Деректерге жүгінсек, әлемнің 40 еліндегі АЭС-тер үлесіне дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 17 проценті ғана тиесілі. Алайда көп елдерде АЭС салуға қарсы қоғамдық қозғалыстар жұмыстарын бастаған. Олар атом электр станцияларындағы ақаулардың жойқын экологиялық апатқа соқтыру ықтималдығы мен радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға зиян келмейтіндей жағдайда жүздеген жылдар бойы сақтауға мүмкіндік беретін қоймалардың жоқтығын айтуда. Мәселенің тиімді үлгісі балама энергетикалық ресурстарды станцияларын салу қымбатқа түсетінін ескерсек, адамдардың әлі де дәстүрлі энергия таратушылар қызметін пайдалануға мәжбүр екендігін топшылайсың.
Қазіргі таңда дамыған АҚШ, Жапония сынды елдердің өзі шикізат түрлерінің барлығын дерлік сырттан алады.
Шикізат қорының азаюы геологиялық барлау жұмыстарының кең ауқымда жүргізіле бастауына себепші болды.
Осы ретте сарапшылардың пікірі қос тарапқа жарылады. Алғашқылары атом энергетикасын тұтыну тиімділігін алға тартса, келесі топ «келешек балама қуат көздерінде» дегенді айтады.
Материал дайындау барысында қазірде Қазақстанда күннен және желден тоқ өндіруге қауқарлы 70-тен астам станция барын білдік. Осыдан 12 жыл бұрын елімізде жаңартылатын энергия көздерін қолдау туралы заң қабылданған. Бастама нәтижесіз болмаған. Жаңартылатын энергия көздерінің қуаты ұлғайған, салаға құйылған отандық және шетелдік инвестициялар көлемі артқан. Жасыл энергетикамен қамтамасыз ету жыл санап ауқымын арттыруда. Қазіргі жағдайда жаңартылатын энергия көздерінің үлесін дамытып, дәстүрлі энергетиканы көбейтіп, әсіресе, үлкен су электр станцияларын іске қосу қажеттілігін уақыт көрсетуде.
Біздегі баға қай баға?
Ай сайынғы мардымсыз жалақысын қайда жетікізерін білмей отырған жанның бірі Базаргүл Рахимқызы. Жыл басынан бергі бағамен бүгінді мүлде салыстыруға келмейтінін айтады ол.
Елімізде энергия өндіруші ұйымдардың (ЭӨҰ) шекті тарифтері түрліше құбылуда. Бұл сауалға жауапты орын мамандары: «Біздің нарықтан алынатын табыстың көп бөлігі станция жабдықтарын жаңғыртып, жаңартуға бағытталуы керек. Алайда, бұл қаражат оған мүмкіндік бермеуде. Салдарынан, станциялардың тозу деңгейі жылдан-жылға артып келеді», – дейді. Бұл мәлімет бізге электрмен жабдықтау сапасына қауіп төніп тұрғандығын ұқтырады.
Үкіметтен үздіксіз субсидияланатын саладағы өзгеріс себептерін электр энергетикасын дамыту департаментінің өкілі Болат Тұяқбаев отын құнының өсуі, тасымалдау шығының да шарықтағанымен байланыстарады.
Ал тарифтер белгілеуді Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады.
Министрлік парақшасынан білгеніміз, электр энергиясына арналған тарифтер Заңға сәйкес 7 жылға белгіленеді. Ал энергия өндіруші ұйымдар өз шығандары ұлғайған жағдайда, министрлікке ұсыным беруге өкілетті к. Бұл, әлбетте, тарифтердің қайта түзілуі яки үйдегі тұрғынның қалтасының жұқаруына әкеліп соғады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Гүлмира Сейтбекқызы жыл басынан реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері, электр энергиясының бағаларын қоспағанда, қолданыстағы деңгейлерінде қалғандығын айтады.
«Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап электр энергиясының бағалары өзгереді. Өзгеруге Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген электр станцияларының өндіретін электр энергиясы бағаларының өсуі басты себеп болды. Мысалы, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның өндіретін электр энергиясының бағасы 11,30-дан 12,54 теңгеге дейін немесе 11 процентке өсті.
Негізінен, электр энергиясының соңғы бағасы энергетика министрлігі бекітетін электр энергиясын өндіретін станциялардың бағасы, Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Департамент бекітетін электр энергиясын тасымалдау тарифтері, департаментпен келісілетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың үстемеақы шығындарын қамтыған», – деді.
Сатып алынатын электр энергиясы бағасының өсуіне байланысты облыстағы 3 энергиямен жабдықтаушы ұйым департаментке алдағы уақытта электр энергиясы бағасының 7,7 % 16,4 %-ке дейін өзгеретіні туралы ақпараттар ұсынған. Ұйымдардың ақпаратын қарау кезінде қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Департамент ағымдағы жылдың сәуір айында облыстың 7 ауданы мен облыс орталығында жария тыңдаулар өткізген. Жария тыңдау нәтижесінде электр энергиясымен жабдықтау қызметтерінің бағаларын келісіп, орташа бағалары 1,9% 6,3%-ке дейін өзгерткен.
Карантин салқыны бұл салаға да кесірін тигізбей қоймаған. Десе де жоғарыдағы жайларды қаперге алып, жиналған қаржы жаңа инфрақұрылымдарды реттеуге кетсе, энергия шығандалуының төмендеуіне қол жеткізер едік. Әзір қымбаттау үстіне қымбаттаған құннан өзге жаңалықты жұртшылық көре алмай әуре.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
13 шілде 2021 ж. 1 037 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031