Елімізде ет пен ет өнімдерін тұтыну бір жыл ішінде 5%-ға төмендеген

Ет пен ет өнімдерінің көп бөлігін Павлодар облысының тұрғындары тұтынды: оларға 24 келіден келеді. Көрсеткіш бір жылда 1,9% өскен. Ең аз - шымкенттіктер тұтынған: 14,6 келі, бір жылда көрсеткіш 1,7% артты. Биыл ет өнімдерін тұтыну өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 17 облыстың 10-ынында азайды. Ең төмен статистика Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді: сәйкесінше 12,5%-ға кеміп, әр өңірге 20,3 келі және 17,3 келіден келеді. Ақмола облысында ет өнімдерін тұтыну -(-11,7%) 21,3 келіні құраса. Ал елордада (-11,5%) 17,5 келіге төмендеген. Ал Қостанай облысында ет тұтыну көлемі керісінше айтарлықтай өсті (+10%). Жан басына шаққанда 20,5 келіге жетті. 2020 жылы әрбір қазақстандық орташа есеппен айына 7 келі ет пен ет өнімдерін тұтынды - бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,6% -ға, 2015 жылмен салыстырғанда 14,3% -ға көп, ал 2010 жылмен салыстырғанда бірден 58,4% жоғары. Ай сайын ет өнімдерін тұтынудың орташа мөлшері соңғы 20 жылда 3,7-ден 7 келіге дейін өсті. Ет өнімдерінің орташа тұтынуы отбасы мүшелерінің санына байланысты әр түрлі болады. 1 адамнан тұратын жанұялар тоқсанына орта есеппен 36,4 келі ет өнімін тұтынды, 2 адамнан - 28,3 келі, 3 адамнан - 21,8 келі, 4 адамнан - 18, 3 келі, 5 және одан көп адамнан тұратын отбасының бір мүшесіне 15,4 келі ғана ет келеді. Сонымен қатар биылғы жылы ет өнімдерінің барлық түрлерін тұтыну алдыңғы жылмен салыстырғанда азайды. Тек жартылай фабрикаттар (+31,8%), сондай-ақ шұжықтар (+ 7,5%) сатып алу көлемі артты.