Суландыру ісі сәтімен

Өңір басшысының орынбасары алдымен су мәселесі туындаған бірқатар нысандарға барып, далалықтың жай-күйін бақылады. Сондай-ақ Қазалы орман шаруашылығы мекемесінің орман тұқымбағының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда сырталы, үйіңкі, қарағаш ағаштары өсірілуде.
Бұдан бөлек өңірден келген өкіл ауданда қашыртқы суын қайта пайдалану мақсатында К-2-1 қашыртқысынан Оң жаға магистралді каналына насос қондырғысы арқылы су беру мәселесін пысықтады. Салалық уәкілетті мемлекеттік орган басшылары мен сала мамандары қатысқан басқосуда К-2-1 қашыртқысынан Оң жаға магистралді каналына насос қондырғысы арқылы су беру жолдары қаралып, насос қондырғысын орнату туралы шешім қабылданды.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ