Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Беларусь тағы бір әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Беларусь тағы бір әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы 2022 жылы жүру спорт түрі бойынша әлем чемпионатын Минск қаласында өткізбеу жөніндегі шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Ұйым мәлімдемесінде қазір жарысты өткізу жөнінде басқа елдермен сөйлесіп жатқаны, оның қорытындысы жөнінде кейінірек мәлімет берілетіні жазылған.
Жарысты басқа қалада өткізу шешімі қауіп-қатерді анықтайтын комитет баяндамасынан кейін қабылданды. Баяндамада Беларусьпен дипломатиялық қарым-қатынастардың анық болмай жатқаны және бұл өлкеге барудағы шектеулер қауіп-қатерді күшейтеді,- деп жазылған мәлімдемеде.
Өткен аптада Минскте триатлон бойынша жарысқа қатысып жатқан үш велосипедші ұсталып, сот шешімі бойынша екеуі 15 тәулікке, біреуі 14 тәулікке қамауға алынған. Бұған олардың жарыс кезінде "наразылық ретінде ұрандар айтып айқайлағаны" себеп болғаны хабарланған.
Осыған дейін Минск Хоккей бойынша 2021 жылы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылған. Наурызда Халықаралық Олимпиада комитеті Александр Лукашенконың ұлы Виктор Лукашенконы Беларусьтың Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа басшысы ретінде танудан бас тартқан.
Мамыр айында Биатлоншылардың халықаралық бірлестігі 2022 жылы наурызда өтетін Биатлон бойынша әлем кубогын Беларусьтан Финляндияға ауыстыру жөнінде шешім қабылдағанын жариялаған.
Бұдан бөлек Беларусь Классикалық пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылып, жарысты Швецияда өткізу шешімі қабылданған.
30 маусым 2021 ж. 310 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031