Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді

Биыл Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтетіні туралы айтты.

Жуырда аты аңызға айналған спортшымыз Денис Теннің арамыздан кеткеніне 3 жыл болады. Оның әлемде конькимен мәнерлеп сырғанауды насихаттауға қосқан үлесін ескере отырып, атақты спортшымызды еске алу жарысын өткізу жоспарда бар ма деп министрге сауал жолдады.
Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы Денис Тенге арналған халықаралық спорттық жобаны (турнир – Baq.kz) өткізу жоспарланғанын айтты. Ол турнир індетке байланысты 2021 жылға ауыстырылғанын еске салды.
Халықаралық коньки тебушілер одағы Алматы қаласында 2021 жылы қазанда Алматы арена мұз айдынында Денис Тенге арналған халықаралық жарыс өткізу бойынша шешім қабылдады. Жарысқа 10 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысады, - деп министр түсіндірді.
Дегенмен іс-шаралар эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады.
Бірақ осынау халықаралық іс-шараны биылғы жылдың күзінде өткізуді жоспарлап отырмыз, - деп Мәдениет және спорт министрі жауап берді.




14 мамыр 2021 ж. 1 165 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031