Әлем чемпионатын қорытындылады
Жуырда ғана Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден жекелеген қашықтық бойынша әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл сынға Дмитрий Бабенко баптайтын қазақстандықтар да қатысқан болатын.
Ұлттық құрама жаттықтырушысы әлемдік доданы қорытындылап, спортшылар нәтижесіне бағасын берді. «Әлемдік жарыстарға дайындық кезеңі өте қиын жағдайда өтті. Десе де, әлем чемпионатына жеңіп алған жолдамалар саны бойынша рекорд орнаттық. Кейінгі 20 жылда біздің команда сапынан мұнша спортшы әлем чемпионатына қатыспаған. Сондықтан біріншілік біз үшін сәтті өтті деп есептеймін», дейді ол.
Айта кетейік, жаһандық додада 1500 метрге жарысудан Екатерина Айдова мен Надежда Морозова қазақстандықтар арасында ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Екі спортшы ондықтың қатарынан көрінді. Демьян Гаврилов, Дмитрий Морозов пен Виталий Щиголев командалық жарыста алтыншы орынды қанағат тұтты.
egemen.kz