Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Елорда күнін атап өтуге тыйым салынды

Биыл Елорда күнін атап өтуге тыйым салынды

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 6 шілдеде қала күні атап өтілмейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғандар науқастану деңгейінің 65 пайызға немесе 1400 жағдайға өсуіне байланысты және эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, қосымша қатаң іс-шаралар енгізілетін болады", — деді қаланың санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның атап өтуінше, елорда аумағында саябақтардағы ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қала күнін атап өтуге де шектеулер енгізіледі. Бұл ретте іс-шаралар онлайн форматта және ашық ауада Ашық жобасы арқылы ғана жүргізіледі. Алайда көрермендердің қатысуымен концерттік іс-шаралар да өткізуге болмайды.

Сондай-ақ барлық тамақтандыру қызметтері қызыл аймақ критерийлері бойынша таңғы 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Ірі спорт кешендерінде көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге, экскурсиялық турлар ұйымдастыруға тыйым салынады. Білім беру орталықтарында білім алушылардың саны 15-тен 10 адамға дейін қысқартылады және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады", — деді Сархат Бейсенова.
29 маусым 2021 ж. 448 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031