Қызылордалық БАҚ өкілдері марапатталды

«Қалың бұқара Өздеріңізді еліміздегі төртінші билік санап, тегеурінді күш ретінде таниды. Бұл журналистердің билік пен халықты байланыстыратын мызғымас алтын көпірдің қызметін атқаратынын айғақтайды. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, өзгерістер, қоғамдық ой таразысы, рухани, мәдени көзқарастар, сыни пікірлер бәрі-бәрі ақпарат құралдары арқылы елге жетіп жатыр.

Сонымен қатар, «Сыр Медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев пен «Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Жағыппар Қарабала журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.