Қазақстанда жұмыссыздарға кім және қалай бос орын тауып береді
Алматыда Жұмыспен қату орталықтары 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Ашыла салған уақытта мекеме азаматтарды тек тіркелген аудандары бойынша қабылдайтын. Алайда 2018 жылдан бастап мекеме халықтың сұранысына орай қызмет беру форматын толықтай өзгерткен. Қазіргі уақытта орталық қазақстандықтарға қандай қызмет көрсетеді, азаматтардың негізгі сұранысы не, жұмыссыз статусын алудың қандай ерекшеліктері бар? stan.kz тілшісі анықтады.
Орталық төрт бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- Халықты жұмыс іздеуші ретінде тіркейді;
- Халықты жұмыссыз ретінде тіркейді;
- Жұмыспен қамту белсенді шараларына жолдама береді;
- Жұмыссыз деген анықтама береді;
- “Әлеуметтік қызметтер үйінде” орналасқан мұндай open space (ашық кеңістік) форматында, операциялық зал түрінде жұмыс істеуді 2018 жылдан бастаған.
Алты жылдан аса тәжірибесі бар ХЖҚО Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің жекешісі Әділет Жаңабаев бұрынғыдан қазір орталықтың қызмет беру форматы өзгергенін айтады. Бұрын Жұмыспен қату орталығы ауданға бөлінсе, қазір азаматтар тіркеуге қарамай қызметін ала береді. - “Әлеуметтік қызметтер үйінде” орналасқан мұндай open space (ашық кеңістік) форматында, операциялық зал түрінде жұмыс істеуді 2018 жылдан бастаған.
- “Бұрын 8 ауданға бөлініп, ол кезде кабинетте отыратынбыз. Қазір Жұмыспен қату орталығы ауданға бөлінбейді. Кез келген ауданда тіркеуіне қарамайды. Тек Алматы қаласында тіркелген болса болды. Бұрын азамат Жетісу ауданына тіркелген болса, тек сол жақтан қызмет алатын. Сондай-ақ, әр ауданда кабинеттер саны шектеулі, мамандар аз еді.
Өзім Түркісіб ауданында маман болып жұмыс істегенмін. Ол кезде жүйенің өзі ауданға тәуелді еді. Адамдар тарапынан көп шағым түсті. “Неге барлығы бір жерде отырмайды” деген сынды сын айтылды. 2017 жылы әр ауданнан бір маманнан шақырылып, оларды бір жерге жинап, сегіз ауданды біріктіретін орталық құрылды”, – дейді Әділет Жаңабаев.
Форматтың өзгеруінің басты себебі - халықтың қалауын орындау болатын, дейді ол.
“Мына ғимарат Әлеуметтік қызметтер үйі деп аталады. Маусым айында ашылды. Мұнда тек Жұмыспен қамту орталығы ғана емес, Әл-ауқат басқармасы, Тұрғын үй инспекциясы, Атамекен, Қолдау, ХҚКО мамандары бар. Жұмыспен қамту орталығы қай қызметтермен тікелей байланыс жасайды, сол мамандарды осы мекемеден табуға болады. Үй мәселесі бойынша тіркеуге қоятын мамандар да бар. Ал өз-өзін қамту аймағында ХҚКО қызметкерлері азаматқа ЭЦҚ ашуға көмектеседі”, – дейді орталық маманы.
Бөлімде 29 маман жұмыс істейді. Төрт ауданда екі маманнан отырады. Қазір осы орталықта 14 маман бар.
Әділет Жаңабаевтың тікелей міндеті жұмыс іздеп келген адамның талаптарын, қандай жұмыс іздеп жүргенін, тәжірибесін қалай толтырып жатыр, жолдама берді ме, соны бақылап, ескертіп айтып отыру.
Орталықтағы бірқатар қызметті кез келген азамат өз бетінше де ала алады. Ол үшін Enbek.kz порталына кіру керек. - Онлайн алуға болатын қызметтер:
- Жұмыс іздеуші, жұмыс беруші ретінде тіркелу;
- Жұмыссыз ретінде тіркелу;
- Уақытша тұрақты жұмысқа, белсенді шараларға жолдама алуға;
- Тек оффлайн алуға болатын қызметтер:
- Жұмыс іздеу үшін келген студенттер
- Жеке кәсіпкерлігі тоқталыған азаматтар
- Қандай жағдайда азамат жұмыссыз статусынан айырылады?
Жұмыссыз ретінде тіркелген соң ары қарай жолдама алу керек, белсенді шараларға қатысып, уақытша жұмыс орындарына тұрып, кәсіптік оқуға қатысу қажет болады, дейді Әділет Жаңабаев.
“Жұмыс таңдар кезде азаматтың өзімен сөйлесеміз: потенциалды жұмыс қаншалықты тұрғылықты мекенжайына жақын, мамандығына сәйкес келетін салаларды қарастырамыз, өзінің қандай қабілеттері бар екенін сұраймыз. Әрине, бізден де сұрау бар. Екі ай бойы тіркеуде тұрған адамға неге жолдама берілмегені, кәсіптік оқуға жіберілмегенін айтып, есеп береміз.
Егер ол кісіге лайықты жұмыс орнын тауып, жіберсек, бірақ жұмыс беруші оны белгілі бір себептермен қызметке алмаса, (көбіне жасы келмейді не тәжірибесі жетпей қалуы мүмкін) ары қарай тіркеуде тұра береді. Ал егер азамат өз еркімен бас тартса, үш жолдамадан бас тартса, тіркеуден шығарамыз”, – дейді ол.
Айтуынша, кейде азаматтардың жағдайларына байланысты тығырыққа тірелген жағдайлар болады. Сол кезде жұмыстың шартына қарамай адамгершілік тұрғысынан азаматтарға көмек беруге асығамыз, дейді маман. - Жастарға кез келген мəселелер бойынша көмек: Қазақстанда Жастар ресурстық орталықтары не мақсатта ашылған?
- Жұмыссыз қазақстандықтарға сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн курстар әзірленуде: Еліміздің тұрғындары қандай білім алғысы келеді?
Мәселен, бір жолы онкологиялық ауруға шалдыққан, бірақ медициналық сақтандыру жоқ әйел бізге көмекке жүгінген. Бала қараумен отырған, өмірінде жұмыс істемеген, демек ешқандай аударым жасамаған азаматша. Аяқ-асты ауырып қалған соң, емхана сақтандыруы жоқ болған соң қарамай қойған. Емханада әйелге екі жолды ұсынады: не жарты жылға қарызын төлеп, аударым жасайды, не жұмыссыз болып тіркеледі. Қарызын жауып келген әйел бізге жүгінеді, алайда бізде жұмыс іздегендер ғана жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бірден жұмыссыз статусын бере алмаймыз, мұны медициналық әріптестеріміз түсінбейді. Ал ол кісіге жұмыс қажет емес еді. Себебі: “Жұмыс тұрмақ, бір-екі айда не болатынын өзім де білмеймін, Құдай біледі” деп отырған әйел еді. Осы жағдайда азаматтың жағдайын түсініп, тіркедік. Себебі емхана емін беруден бас тартып отыр”, – дейді ол.
Кәсіптік оқыту: Бастау бизнес.
“Атамекен ҰКП” ұсынатын жобаға азаматтар біз арқылы өтініш қалдырып, жолдама алады. 24 күн ішінде кәсіптік жоспар құрылып, бизнес тренерлер ол кісілерге көмектеседі. Жобаны қорғайды, комиссияның шешімімен, сертификатын алып ХЖҚО-ға келеді. Бізге өтінішін жіберіп, ары қарай грантқа тапсырады. Оны ұтқан жағдайда 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант беріледі.
Бастау бизнеске қатысу үшін жеке кәсіпкер немесе жұмыссыз болып тіркелуіңіз, өз өзіне жұмыс істейтін адам болу қажет. Осы үш категория қатыса алады”, – дейді маман.