Коронавирус ағаш тозаңдары арқылы да жұғуы мүмкін
Ағаштың тозаңы коронавирустың бөліктерін жұқтыруға қабілетті. Кипрдегі Никосия университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды Daily Mail.
COVID-19-дың «супертаратқышы» туралы бұл нұсқа вирустың таралуына түрлі бөліктердің қалай ықпал ететінін түсіну үшін жүргізілген ғылыми тәжірибе барысында расталған. Коронавирустың жайылуы мен ауадағы тозаң концентрациясы арасында байланыс бар болып шықты.
Арнайы жасалған компьютерлік модельді талдай отырып, мамандар ағаш тозаңдарының вирус бөлшектерінің үлкен қашықтықтан жұғуына «көмектесетінін» анықтады.
Аллергендер картасымен салыстыра келгенде, олар ауру жұқтыру жағдайы ауадағы тозаң концентрациясы жоғары аудандарда тіркелгенін байқады. Ғалымдардың айтуынша, вирустың тозаңдар арқылы жұғуы әлеуметтік қабылданған екі метр қашықтықтан да орын алуы бек мүмкін. Қазір әлем ғалымдары адамдардың тәж-тажалдың жаңа штамына қарсы тұру қабілетін зерттеуде. Жаңа мутация шығуы себепті вирус «қауіпті әрі иммуногендіге айналды» деп отыр.