Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус адам терісінде қанша уақыт сақталады?

Коронавирус адам терісінде қанша уақыт сақталады?

Жапониядағы Киото медицина университетінің ғалымдары коронавирустың адам терісінде қанша уақыт тіршілік ете алатынын анықтады. Ғалымдар «теріде вирус 9 сағатқа жуық қауіпті болуы мүмкін» дейді. Зерттеу тұмау вирусының өмір сүру мерзімінен COVID-19 мерзімі 5 есе көп екенін дәлелдеді.
Тәжірибе барысында адам терісіне 100 мыңнан астам коронавирус пен тұмау вирусы енгізілген. Содан кейін вирустардың теріден жоғалып кетуіне қанша уақыт кететіні есептелген. Тұмау вирусы 1-2 сағаттан кейін жойылып кеткен. Ал, коронавирус адам терісінде кей жағдайларда 11 сағатқа дейін, ал орта есеппен 9 сағатқа дейін сақталған.
Зерттеулер көрсеткендей, 80 пайыз этанол спиртін қолдану терідегі вирустарды 15 секунд ішінде жояды. Егер қолды сабынмен 15 секунд жуып, содан кейін 10 секунд ішінде ағын сумен шайып тастаса, вирустың бастапқы мөлшерінің тек бір бөлігі ғана сақталады яғни қолды ағынды сумен жуудың өзінде вирустардың жүзден бір бөлігі бәрібір қалады.
Айта кетейік, аустралиялық ғалымдар коронавирус банкноттар мен смартфондардың экранында 4 аптаға дейін сақталатынын зерттеу арқылы анықтады. Бұл тұмау вирусы сақталатын уақыттан шамамен 2 есе көп.
18 қазан 2020 ж. 926 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930