Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың табысы неге өспейді

Қазақстандықтардың табысы неге өспейді

Орталық коммуникациялар қызметінде министр қазақстандықтардың табысы неге өспейді деген сұраққа жауап бердіҰлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев халықтың табысының өсуі ел экономикасының дамуына тікелей байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден қазақстандықтардың табысы неге өспейтінін сұрады. Әсет Ерғалиев үкімет халықтың нақты табысын арттыру жұмысымен тұрақты түрде айналысатынын атап өтті.

"Бұл кешенді мәселе. Бұл жерде қысқамерзімді және ұзақмерзімді құралдар бар. Егер біз табыстың тұрақты өсуі туралы айтсақ, жалғыз жол – ұзақмерзімді құралдар. Бұл экономиканы әртараптандыру, құрылымдық реформалар жүргізу, сапалы жұмыс орындарын құру", - деді ол.
Осыдан кейін министр қысқамерзімді құралдарға тоқталды. Ол ең төменгі жалақының көбейгенін, дәрігерлердің, мұғалімдердің, басқа қызметкерлердің жалақысы өскенін айтты.

"Табысты арттырумен байланысты мәселе, егер біз оның жүйелі шешілуі туралы айтсақ, ол экономиканың дамуы. Экономика дамыса, жұмыс орындары болса, табыс өседі. Халықтың табысын өсірумен байланысты мәселелер экономиканың дамуына тікелей байланысты", - деп жауап берді ведомство басшысы.


24 маусым 2021 ж. 604 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031