Назарбаев: Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі
"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстың тұрақты өсуі мен өмір сапасына байланысты. Адамның табысы ол өзі еңбекқор болған кезде өседі. Мен бұл туралы үнемі айтамын. Өзінің ісін шебер білетін маманның лайықты жалақы алуға немесе өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар. Бүгінде адамға жұмыс орындарын ұсыну проблема емес. Мәселе біліктілікте, біліктілігі болмаса мамандық та жоқ. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз жалпы еңбек қоғамын құра аламыз. Естеріңізде болса, мен қазақстандықтарға осындай үндеу жасаған едім", — деді Елбасы. Президент келесі жылдың қаңтарынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өсетінін айтты.
"Біріншіден, үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы 1,5 есе – 28-ден 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандыққа нақты көмек болады. Бұл әртүрлі салаларда істейтін 1 миллион 300 мың адамның жалақысын көтереді. Сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда істейтін 275 мың қызметкердің айлығы көбейеді. Олардың жалақысы орташа есеппен 35 процентке өседі. Олар мұғалімдер, дәрігерлер, құқық қорғау органдары, қорғаныс және тағы басқа", — деді Назарбаев.
Елбасы 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмайтынын атап өтті.
Биыл президент Қазақстан халқына жолдауын әдеттегідей парламентте емес, Ақордада жариялады. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.
Назарбаевтың бұған дейінгі жолдауы осы жылдың 10 қаңтарында жарияланған еді. Онда президент төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтқан болаты