Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық полицейлер тұрғын үй жалдау үшін өтемақы ала бастады

Қазақстандық полицейлер тұрғын үй жалдау үшін өтемақы ала бастады

1 сәуірден бері ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін ала бастады. Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтқан тапсырмасы іске асып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

2020 жылдың 29 қазанында өткен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары қызметкерлерінің қаржылық жағдайын 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен 30 пайызға саралай арттырып, сала өкілдеріне әскери қызметшілер сияқты тұрғын үй жалдау үшін өтемақы төлеу мәселесін жолға қоюды тапсырған болатын.

Берік Уәлидің мәіметі бойынша, тұрғын үй өтемақысына қатысты тапсырма биыл бірінші сәуірде толығымен орындалған. «Биылғы 1 сәуірден бастап ІІО қызметкерлерлері Қоғаныс министрлігінің әскери қызметшілері сияқты тұрғын үй төлемдерін алуға құқылы», - деп жазады Берік Уәли.


21 маусым 2021 ж. 456 0

Биржада доллар бағасы өсті

09 қыркүйек 2026 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930