Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауынгерлер «Дуэльге» шығады

Жауынгерлер «Дуэльге» шығады

Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлері 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында 12 елдің аумағында өтетін халықаралық Армия ойындарына дайындалып жатыр. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу орталығына барып, «АрХО-2021» ойынына қатысушы командаларымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ойын тарихында «Тактикалық мерген» байқауы алғаш рет Рязань қаласында өтеді. Төрт кезеңнен тұратын ойын барысында қатысушылар жеке және топ құрамында бақ сынайды. Сонымен қатар «дуэль» жаттығуларын орындап, уақытқа атудан жарысады», - деп жазылды министрліктің ресми ресурсында. Қазақстанның Қарулы күштерінде тактикалық атыс 2019 жылдан бастап белсенді түрде дамып келеді. Атыстың бұл түрі 2020 жылдан бастап бөлімшелердің бағдарламасына енгізілді. «Әлем жауынгері» байқауы Арменияда өтеді. Аталмыш байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушы ерлер мен әйелдердің кәсіби және зияткерлік деңгейі, сондай-ақ шығармашылық қабілеті тексеріледі. Біздің жауынгерлер 2018 жылы осы байқауда жеңімпаз атанды», - деп нақтылады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
20 маусым 2021 ж. 469 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30