Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2,4 млн-ға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін алды

2,4 млн-ға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін алды

Үкімет басшысы Асқар Мамин барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырма берді. Премьер-министр атқамінерлер вакцинация мәселесін жеке бақылауға алуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Асқар Мамин коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеп келе жатқанын алға тартып, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда болуға тиіс екенін жеткізді. «Вирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді, бір аптада 30%-ға азайды. Елорда ғана «қызыл» аймақта қалды. Осы ретте әкімдіктер қосымша шаралар қабылдауы керек. Жалпы 10 өңір, яғни басым бөлігі «жасыл» аймақта, 6 өңір «сары» аймақта. Тұрғындардың вакцина алуы мен эпидемияға қарсы жүргізілген шаралардың нәтижесінде Қазақстан «жасыл» аймаққа кірді», –деді үкімет басшысы. Асқар Маминнің айтуынша, 2,4 млн-ға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін және 1,3 млн-ға жуық адам екінші компонентін алды. «Әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігі жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайтуы тиіс. Әсіресе Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында. Барлық деңгейдегі әкімдер вакцинация мәселесін жеке бақылауға алсын!», – деді премьер-министр.


10 маусым 2021 ж. 512 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031