Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жоспарды нақты орындау қажет": Мамин әкімдерге тапсырма берді

"Жоспарды нақты орындау қажет": Мамин әкімдерге тапсырма берді

Ол денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге сапалы медициналық көмек көрсетуді, медицина ұйымдарының қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Үкімет басшысы Асқар Мамин өңірлерге  ай сайын 2 миллион адамды вакциналау жоспарын нақты орындауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Халықты, әсіресе қамтылуы төмен өңірлерде вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет. Сәуір айының соңына дейін және ай сайын 2 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек", - деді премьер-министр үкімет отырысында.
Айтуынша, сегіз өңір "қызыл аймақта" тұр. Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,06. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі – 41%, реанимациялық бөлімдердегі орындар – 27%.
Мамин денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге сапалы медициналық көмек көрсетуді, медицина ұйымдарының қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар әкімдерге мобильді мониторингтік топтарды тарта отырып, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету міндетін жүктеді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, үш өңір – Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында вакциналау кестеден кешеуілдеп жатыр.

20 сәуір 2021 ж. 1 726 0

Миллиондық жеткізілім

27 наурыз 2026 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031