Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік бюджетке 500 млрд теңгеден аса кірістер түсті

Мемлекеттік бюджетке 500 млрд теңгеден аса кірістер түсті

Үкіметтің онлайн отырысында осы жылғы қаңтардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері мен қаржылық ахуалы туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндап берді.
Мемлекеттік бюджетке 526 млрд теңгеге кірістер түсті немесе жоспар 116,1%-ға атқарылды. Республикалық бюджетке 288 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 90%-ға атқарылды, - деп баяндады Қаржы министрі.
Сонымен қатар, министр атағандай, кірістер бойынша жоспар 32 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар - 37 млрд теңгеге атқарылмады.
Салықтар бойынша орындалмаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына және корпоративтік табыс салығына тиесілі, - дейді ол.
Осы ретте министр Жамаубаев қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауының себептерін атады.
Біріншіден, 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда қосылған құн салығы қайтарылуының 2,3 есеге өсуі. Екіншіден, «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың 14%-ға азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өндіру өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 29%-ға немесе 373 млрд теңгеге азайған. Сондай-ақ, 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымы 22%-ға төмендеген, - деп түсіндіріп берді министр.
Одан бөлек, корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 743 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38%-ға немесе 28,6 млрд теңгеге азаюына байланысты.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 178,6%-ға атқарылды және 239 млрд теңгені құрады. Жалпы жоспар 105 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 90 млрд теңгеге асыра орындалды, - деп айтты Жамаубаев Үкіметте.
Оның сөзінше, барлық өңірде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды.

16 ақпан 2021 ж. 2 584 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031