Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе кесірлі кеселді ауыздықтайды

Екпе кесірлі кеселді ауыздықтайды

Бүгінде дүниенің түкпір-түкпіріне тараған коронавирус індетін ауыздықтауда әлем елдері бар күш-мүмкіндіктерін жұмсауда. Кесірлі кесел біздің елді де әбігерге түсірді. Мұндайда сала мамандары жұқпалы дертті жеңудің бір ғана жолы – вакцина салдыру екендігін айтуда. Дегенмен халықтың ойы екіұдай. Бірі ерікті түрде екпе алуға келіссе, екіншілері індетке қарсы дәріден бас тартуда.
Күнделікті тәж бейнесіндегі вирустың дүниежүзіндегі миллиондаған жанды әлсіретіп, мыңдағанын жалмап жатқанын ақпарат көздерінен байқап жүрміз. Сондықтан арасын ұзатпай, мықты деген бүкіл әлем ғалымдары ауруға қарсы екпе дайындауға кірісті. Шетелде дәріні лабораториялық сынақ кезеңінен өткізген соң алғашқы екпе жұмысын өткен жылдың желтоқсан айынан жүзеге асырса, Ресейде «Спутник V» биыл қаңтарда салына бастады. Қазақстанда ақпан айында қолға алынды. Әуелгіде қауырт жұмыс арасында жүретін көпшілікпен тығыз байланыстағы медицина қызметкерлері «Спутник V» вакцинасының алғашқы мөлшерін қабылдады. Іле-шала ұстаздар қауымы мен құқық қорғаушылар екпе алса, кейін біртіндеп басқа да сала мамандары және халық өз еркімен вакцинацияланды.
Қазалы ауданында коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті түрде вакцина салу науқаны наурызда басталды. Бірінші кезекте реанимация, жұқпалы аурулар, қабылдау бөлімінің және жедел жәрдем қызметкерлеріне екпе егілді.
Қазір арнайы орындар бөлініп, түннің біруағына дейін вакцинациялауға барлық жағдай жасалған. Оның ішінде күту, тексеру, бақылау және екпе салу кабинеттері бар.
– Жақында Қызылорда «қызыл аймаққа» еніп, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бұл бәрімізді алаңдатқаны шындық. Себебі коронавирус – қауіпті кесел. Дертке шалдыққан науқастар көз жұмып жатқанын естіп жүрміз. Мамандар оны жеңуге тек екпе көмектесетінін айтудан жалыққан емес.
Қазір тұрғындардың препаратқа сенімсіздігі басым. Дегенмен кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ асқан дұрысырақ. Әрбір шаңырақта кішкентайлары бар. Балақайлардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Сол себепті екпе салдырып, өз-өзімізді қауіпті індеттен қорғау қажет. Вакцина салдырып, сақтық шараларын көп болып жасаған абзалырақ деп есептеймін, – дейді қазалылық Абай Арыстанбеков.
Медицина қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша «Спутник V» алғашында 4600 доза, «Hayat вактан» 1200-і келіп түгелдей салынған болатын. Енді екінші кезеңіне қос вакцинадан барлығы 5100-і жеткізілді. Оның 2 мыңдайы сәтті орындалды.

Қауесетке қауқар бар ма?
Соңғы кезде ел арасында вакцинация жасатсаң чип салады немесе бедеу болып қалады деген сынды қауесеттер көбейіп кетті. Бұл ақпараттар қаншалықты шындыққа жанасады?
Әлемдік жаңалықтарға сенсек, Reuters Fact Check зерттеушілер тобы коронавирусқа қарсы вакциналарда микрочиптер, металдар немесе магниттер бар ма деген сұраққа біржола нүкте қойды.
Сарапшылар мен ғалымдар коронавирус инфекциясын тоқтатудың жалғыз жолы жаппай вакцина егу екенін айтады. Қазақстанды қоса алғанда кей елдерде бұл процесс өте баяу жүруде. Оның негізгі себептерінің бірі – халықтың вакцинаға деген сенімсіздігінде.
Антиваксерлер қозғалысы әсіресе батыста қатты байқалады. Мысалы, 2020 жылы АҚШ-та вакцинада микрочип пен магниттің бары айтылатын роликтер жаппай тарады.
Reuters халықаралық ақпараттық агенттігі бұл сұраққа: «Вакциналарда ешқандай чип немесе магнит жоқ», – деп нақты әрі сенімді жауап берді.
Медицина сарапшылары ДДҰ бекіткен барлық вакциналардың құрамын зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келген. Вакциналардың құрамында шынымен аз мөлшерде алюминий бар. Бірақ Оксфорд университетінің зерттеушілері бұл металдың вакцинация концентрациясы тамақ пен ауызсудан аспайтындығын дәлелдеді.
Қазақстандағы арнайы сала мамандары да чиптендіру – өте жоғары технология екендігін алға тартады. Олардың айтуынша, адамзат оған әлі жеткен жоқ. Адамзат 1000 жыл алдын да вакцина салдырған. Соның арқасында көп індетті жеңіп шықтық. Тек вакцина салдыру арқылы қоғамда иммунитетті қалыптастыруға болады.
Екпе тек жүктілік кезінде, бала емізгенде және 18 жасқа толмаған жастарға салынбайды.
Айта кетейік, барлық емханада вакцина салу бекеттері ұйымдастырылған. Онда демалыссыз түнге дейін тұрғындарды қабылдауда.

QazVac-қа қызығушылық артуда
Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына 10-ға жуық ел қызығушылық танытқанын жеткізді.
– Негізінде біздің екпе – мұсылман әлеміндегі толығымен жасалған және шығарылғандардың алғашқысы. Көптеген мұсылман мемлекеті бізге жүгінеді. Жақында БАӘ-дегі әріптесіммен сөйлестім, олар қызығушылық танытып отыр. Бізге Катардан хабарласты. Олар QazVac-ты жеткізу мәселесі бойынша сұрады.
Қазір осы бағытта жұмыс істеудеміз, авторлық құқықты тіркейміз. Біздің институт болашақта QazVac-ты ғана емес, басқа да вакциналарды экспорттау үшін халықаралық патент алуда, – дейді Цой блогер Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

02 маусым 2021 ж. 476 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031