Министр жасөспірімдердің қайтыс болуына отбасындағы қолайсыз жағдай да әсер ететінін айтты
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықаралық конференцияда балаларға қарсы қылмыстың жасалу себептері туралы айтты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрдің пікірінше, кәмелетке толмағандардың қайтыс болуы көбінесе отбасындағы қолайсыз жағдайлармен, балалардың қараусыз қалуымен және нашар тұрмыстық жағдаймен байланысты.
Жалпы 2020 жылы балалардың қатысуымен болған деректер төмендегідей:
балалардың терезеден құлауының 108 жағдайы (18 бала қайтыс болды);
кәмелетке толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауының 449 фактісі;
жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы 825 қылмыс;
жол апаты салдарынан балалар өлімінің 183 фактісі тіркелген.
«Мұндай статистика қоғам мен жауапты мемлекеттік органдарда алаңдаушылық тудырмауы мүмкін емес. Баланың жасына байланысты оған қатысты жасалған әрекеттердің заңсыздығын түсіну қиын», – деп атап өтті Тұрғымбаев. Ол құқыққорғаушылар мен мемлекетті мезгілсіз өлім-жітімнің алдын алу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырды.