Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелетке толмағандардың құқықтары

Кәмелетке толмағандардың құқықтары

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы 2020 жылғы 19 қарашада бейнеселекторлық байланыс режимінде облыс әкімдігінің «Ахуалдық орталығының» мәжіліс залында өткізілді.

Комиссия отырысына Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Әлібаев Талғат Айтбайұлы және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Ыдырыс Сәкен Олжабайұлы қатысты.
Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар», «Суицидтік мінез-құлқы бар «тәуекел тобындағы» балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету кезінде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының өзара іс-қимыл алгоритмінің іске асырылуы», Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің мәдениет және өнер мекемелеріне қолжетімділігі туралы», «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың есебі», «Қызылорда облысының полиция департаментінің ұсыныстары» тақырыптары қаралды.
Облыстағы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар мен оларға қарсы жасалған қылмыстардың орны алу себептері, қазіргі ахуал, атқаруға тиісті ұсыныстар бойынша облыс прокурорының бірінші орынбасары Т.Әлібаев талдау жасады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім басшысы Е.Жукашев кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған есептегі адамдар туралы мәліметтерді жариялау және оны жариялаудың тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ, суицид мәселесі бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сәбит Бексейтұлы, мәдениет және өнер мекемелерінің білім беру ұйымдарымен байланысы туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы хабарлама жасады.
Комиссия отырысында Қызылорда қаласы, Қармақшы, Жалағаш аудандары әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды. Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.
Жұмысшы орган
23 қараша 2020 ж. 1 003 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 103

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 110

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 102

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 106

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930