Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жаңатаста қайтыс болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты

Президент Жаңатаста қайтыс болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды egemen.kz.
«Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді», деп жазды Б. Уәли.
Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысында қайғылы жағдай орын алды. Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласының 2-ықшамауданындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатынан өрт шығып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды.
Пәтер ішінде ата-анасының қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған бес бала қалып қойған. Белгілі болғанындай, балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан бес бала да түтінге уланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, араға біраз уақыт салып, бәрі де көз жұмған.
Бүгін Жаңатас қаласында орын алған жантүршігерлік оқиғаның себептері анықталды. Қаладағы тұрғын үйден шыққан өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған.
21 ақпан 2021 ж. 5 623 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930