Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет

Еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ дайындаған орта мерзімді болжамға сәйкес базалық (неғұрлым ықтимал) сценарийде Қазақстанда 2021-2025 жылдар аралығындағы кезеңде жалдамалы еңбекке деген сұраныс шамамен 1 млн адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оптимистік сценарий бойынша бұл көрсеткіштер біршама жоғары болады: жалдамалы еңбекке сұраныстың көлемі 5 жылда 1,2 млн адамды, ал теріс сценарий бойынша 792,9 мың адамды құрайды деп болжануда.
Негізінен жалдамалы еңбекке деген сұраныс білім беру саласында қалыптасады, онда ол сценарийге байланысты жиынтық еңбекке қатысты 16-18%-ды құрайды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы секторында (7,6-дан 10% - ға дейін) және өңдеу өнеркәсібінде (9,7-10,2%) қалыптасады.
2021-2025 жылдар ішінде базалық сценарийде жалдамалы жұмыскерлерге жиынтық сұраныс жаңа сұраныстан 55,3%-ға (574 мың) және алмастыру бойынша сұраныстан 44,7%-ға (464,4 мың) қалыптасады деп күтілуде, олардың 72%-ы (332,7 мың) зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлерді алмастыруға келеді.
Жалдамалы жұмыскерлерге бір жылдағы жиынтық сұраныс 2025 жылы 244,3 мың адамды құрайды, оның ішінде 148,7 мыңы жаңа сұранысты және 95,6 мыңы алмастыру бойынша сұранысты білдіретін болады.
Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты жұмыскерлерді алмастыру қажеттілігі осы кезеңге қарай 15%-ға (2021 жылғы 59,2 мыңнан 2025 жылы 68,3 мыңға дейін) өседі деп күтілуде.
Жалдамалы жұмыскерлердің ең көп 5 жылдық қажеттілігі олардың жас ерекшелігіне және өзге де табиғи себептерге байланысты кетуі салдарынан білім беру саласында (64,5 мың адам), сондай-ақ ауыл шаруашылығында (44,6 мың адам) және өңдеу өнеркәсібінде (44,2 мың адам) болады.
Жалпы алғанда, 2025 жылға қарай базалық сценарий бойынша жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрайды, оның 7,7-сі жалдамалы жұмыскерлер болады, ал 1,2 млн адам жұмыспен қамтылған халықтың басқа санаттарын құрайды. Бұл ретте жұмыссыздар саны 439 мың адамды құрайды деп күтілуде, яғни жұмыссыздық деңгейі 4,7% деңгейінде болады.
Оптимистік сценарийде жұмыс күшінің саны 9,4 млн адамды құрайды, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер – 7,9 млн, жұмыспен қамтылғандардың өзге санаттары – 1,1 млн адам, ал жұмыссыздар саны 442 мың адам.
«Теріс сценарийде 2025 жылға қарай жұмыс күшінің құрамында 9,3 млн адам болады деп күтілуде, олардың 7,5 млн-ы жалдамалы жұмыскерлер, ал 1,4 млн-ы өзге жұмыспен қамтылған адамдар. Бұл ретте жұмыссыздар саны 436 мың адамды құрайды. Біздің болжамымыз бойынша жұмыссыздық деңгейін күтілетін 4,7% - ға дейін біртіндеп төмендету жүретін болады. Ағымдағы және келесі жылы біз 5%-ға жетуіміз мүмкін, содан кейін бұл көрсеткіш жылына 0,1 ж.т. төмендейді», деп хабарлады ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.



05 мамыр 2021 ж. 692 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930