Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев бейнеленген монеталар сатылымға шығатын күн белгілі болды

Назарбаев бейнеленген монеталар сатылымға шығатын күн белгілі болды

Қазақстан Ұлттық банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN" коллекциялық монеталары 2021 жылдың 28 сәуірінде сатылымға шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.
Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, "proof" дайындау сапасымен, диаметрі 50 миллиметр болатын монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалды.

"Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Монеталар кәдесый орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды", - делінген хабарламада.
26 сәуір 2021 ж. 1 112 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30