Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ желеңді абзал жандар

Ақ желеңді абзал жандар

Өңір тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мақсатында Алматы облысында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс істеліп жатыр. Бүгінде аймақта 235 дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік пункт және 220 медицина бекеті бар.
Жалпы, тұрғындарының 80 пайызға жуығы ауылды мекендейтін аймақ үшін бұл көрсеткіш жақсы болғанымен, мә­се­л­ені толық шеше алмайды екен. Яғни облыстағы 2 млн жанның басына шақ­қанда алғашқы медициналық көмек көрсететін орындардың тапшылығын жою үшін әлі де біраз уақыт керек. Ал атқарушы билік елді мекендердегі  сұранысқа ие емханалардың жұмысын жандандыруға күш салып-ақ келеді. Қазіргідей пандемия жағдайында ақже­лең­ді абзал жандардың жұмысына деген құрмет пен сын да артатыны сөзсіз. Жетісулық дәрігерлер осы талап үдесінен шығып отыр деуге толық негіз бар.
Мысалы, жұқпалы індетпен күрес жағдайында қалтқысыз қызмет көрсетіп отырған медицина мекемесінің бірі – Іле ауданына қарасты Боралдай ­кен­тіндегі аудандық аурухана. Бұл меке­ме Бо­рал­дай кенті, Водник, КазЦИК, Ком­со­мол, Чапай, Междуреченск ауыл­да­ры тұрғындарына медициналық қыз­мет көрсетіп отыр әрі Өтеген батыр кентіндегі орталық ауруханадан кейінгі аудандық аурухана мәртебесіне ие. Қазір мұнда стационар бөлімі, күндізгі ста­цио­­нар бөлімі, қабылдау бөлімі, онколог-мамолог, эндокринолог, стоматолог, хирург, гинеколог, невропатолог, рентгенолог, окулист, УДЗ кабинеті, психолог, әлеуметтік қызметтер мамандары, учаскелік жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімі жұ­мыс істейді. Ауруханадағы заман та­ла­бына сай алынған лапарос­копия ап­параты тұрғындардың дертін дөп басып анықтап, дертіне шипа болып тұрғанына науқастар дән риза.
– Лапароскопиялық технология дегеніміз – науқастың ішкі ағзасына отаны тілік жасамай емдейтін хирур­гия­ның жаңа әдіс. Осы тәсілмен әртүрлі ота жасалуда. Бұл жұмысты өз ісінің маманы, аурухананың хирургия бө­лі­мінің меңгерушісі Нұрбол Нұр­жа­нов қолға алған. Сондай-ақ емханада ультра­дыбыстық зерттеу, сүт без­де­рі­нің рентгенологиялық зерттеуі, сүт бездерінің пункциондық биопсия­сын зерттеуге арналған маммография аппараты алынды. Бұл аппаратпен 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдерге сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында тексеру жүргізеді, – дейді Боралдай кентіндегі аудандық аурухананың бас дәрігері, денсаулық сақтау ісінің үздігі Дариға Садықова.
Боралдайдағы бұл ауруханада 75 дәрігер, 125 медбике жұмыс істейді екен. Бүгінде коронавирус індетінің таралуы асқынған сайын дәрігерлердің кәсіби қызметіне сұраныс артып, жауапкершілік жүгі еселей түскен. Ал ауруханада еңбегімен ел алғысына бөленіп жүрген ақжелеңді абзал жандар көп. Мысалы, дәрігер-терапевт Алма Айдарбекова, зертхана бөлімінің меңгерушісі Ардақ Оспанқұлова, жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Самал Ақыбаева мен балалар дәрігері Ұлбибі Ахметалиева сынды дәрігерлерді атап айтуға болады.
– Боралдай аудандық ауруханасының қызметкерлері де жұқпалы індет жаппай таралған кезеңнен бері, яғни был­­тырғы наурыз айынан бастап ас­қан жауапкершілікпен жұмыс істеп келе­ді. Ауруханада облыс бойынша ал­ғаш­қылар қатарында жедел көмек көрсе­тетін провизорлық бөлімше ашы­лып, жұмыс істеп тұр. Сақтық шара­лары қатаң түрде сақталып, барлық қыз­мет­кер жеке қорғаныс киім­де­рі­мен қам­тамасыз етілген. Дәрігерлер мен медбикелер осындай қиын сәтте өз­де­рінің еңбектерін шыңдап, үлкен тә­жіри­бе жинақтады, – дейді бас дәрігер Дариға Балтабекқызы.
23 сәуір 2021 ж. 1 363 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031