Қазақстанның барлық өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Қазгидромет республиканың барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жариялады.
17 сәуірде Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады.
Атырау қаласында күндіз желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
17 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерін тұман басады, күндіз найзағай жарқылдайды. 19 сәуірде күндіз ауа температурасы +5… +10 градусқа дейін күрт төмендейді. 20 сәуірде түнде минус 3-8 градус суық, күндіз 2-7 градус жылы болады. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін барады.
17 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде және Ақтау қаласында тұман болжанып отыр.
17 сәуірде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
17 сәуір күндіз, 18-19 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. 18-19 сәуірде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Таразда 18 сәуірде найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.
19 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Бұрқасын, көктайғақ, тұман болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде минус 7-12 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді.
19 сәуірде түнде Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), бұрқасын, көктайғақ, тұман болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін барады. Ауа температурасы түнде минус 3-8 градусқа дейін төмендесе, күндіз минус 3 градустан плюс 2 градусқа дейін көтеріледі.
19 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп күтілуде. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с. Сынап бағанасы түнде минус 5-10 градус, күндіз 0-5 градус суықты көрсетеді.
19 сәуірде Павлодар облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), бұрқасын, көктайғақ, тұман болжануда. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде минус 2-7 градус, күндіз 0-5 градус суық болады. 20-21 сәуірде түнде температура минус 7-12 градусқа дейін түседі.
19-20 сәуір күндері Қарағанды облысының кей жерлерінде де жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, көктайғақ, тұман болады, 20 сәуірде бұрқасындатады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін барады. 19 сәуірде түнде ауа температурасы минус 3 градус пен плюс 2 градус аралығында құбылады. 20-21 сәуірде түнде минус 7-12 градусқа дейін төмендейді.
20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), көктайғақ, тұман, бұрқасын күтілуде. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 20 сәуірде ауа температурасы түнде минус 2-7 градус, күндіз минус 3 градустан плюс 2 градус жылы болады. 21-22 сәуірде түнде сынап бағанасы минус 5-13 градусқа дейін түседі.
20 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 20 сәуірде түнде ауа температурасы плюс 2-7 градусқа дейін күрт төмендейді, 21 сәуірде түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.