Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның басым аумағында ертең ауа райы құбылмалы болады, елдің батысында нөсер жаңбыр мен қалың қар жауады деп болжануда.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – Қазақстанның солтүстік батысы мен орталығында жаяу бұрқасын соғып, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында найзағай ойнайды.
25 наурызда Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп болжануда. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.
Атырау облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады. Түнде шығыс, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.
25 наурыз күні күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні – 25 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.
25 наурыз 2021 ж. 2 162 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 38

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930