Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
  «Қадірлі отандастар!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ, Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады.
Ислам дінінің осындай мызғымас рухани құндылықтары мен жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын.
Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз.
Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!
Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!»,-делінген құқттықтауында
                           kyzylorda-news.kz
13 сәуір 2021 ж. 1 973 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930