Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті қазалылықтар!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын ай. Исі мұсылман жамағат таңның атысынан күннің батысына дейін ауыз бекітіп, Жаратушыға жаппай құлшылық етеді.
Қасиетті Құранда айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген игі істің, Жаратушыға жақындататын жақсы амалдың сауабын санау мүмкін емес. Сондықтан Рамазан – айлардың сұлтаны саналады.
Биылғы Ораза айы еліміздегі төтенше жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Талай қиыншылықты бастан өткізген қазақ халқы бұл жағдайдан да аман-есен шығатынына сенемін.
Қасиетті Қазалы ауданының тұрғындары да бұл ауыр кезеңді елмен бірге еңсеріп, әлі-ақ ашық аспан астында бақытты күндерді өткізетін болады. Ол үшін бәріміз тәртіпке бағынып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз қажет.
Бұл Оразада ауылдағы ағайындар әдеттегідей ас беріп, ауызашар жасай алмайды. Бұған да түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде бір-бірлеріңізге қолдау көрсетуге шақырамын.
Қадірлі мұсылман қауым!
Рамазан айында жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңізді Алла Тағала қабыл еткей. Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – қасиетті Рамазан айы Сіздерге қуаныш пен жақсылық сыйласын.
Алла баршаңыздың бойларыңызға қуат, көңіліңізге сабыр берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
25 сәуір 2020 ж. 1 284 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 28

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930