Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі Мұрат Нәлхожаұлы Ергешбаев қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Нәлхожаұлы Ергешбаев қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын.
Биылғы Ораза айы еліміздегі төтенше жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Талай қиыншылықты бастан өткізген қазақ халқы бұл жағдайдан да аман-есен шығатынына сенемін.
Қасиетті Қазалы ауданының тұрғындары да бұл ауыр кезеңді елмен бірге еңсеріп, әлі-ақ ашық аспан астында бақытты күндерді өткізетін болады. Ол үшін бәріміз тәртіпке бағынып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз қажет.
Бұл Оразада ауылдағы ағайындар әдеттегідей ас беріп, ауызашар бере алмайды. Бұған да түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде бір-бірлеріңізге қолдау көрсетуге шақырамын.
Рамазан айында жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңізді Алла Тағала қабыл еткей. Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – қасиетті Рамазан айы Сіздерге қуаныш пен жақсылық сыйласын.
Алла баршаңыздың жаныңызға қуат, көңіліңізге сабыр берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
"Қазалы" ақпарат
24 сәуір 2020 ж. 2 050 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 146

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031