Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Санитарлық дәрігер Рамазан айына қатысты үндеу жасады

Санитарлық дәрігер Рамазан айына қатысты үндеу жасады

Елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды, деп хабарлайды  egemen.kz
 «Құрметті елорда тұрғындарымен қонақтары! Біздің қоғам үшін маңызды діни мереке – қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Бұл еліміздің көптеген азаматы үшін үлкен маңызға ие. Қаланың барлық азаматтарын мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Біз діндар адамдардың рухани және діни сезімдеріне терең құрметпен қараймыз. Алайда, қауіпті вирустың ауыр пандемиясы барлығының денсаулығына қауіп төндіреді», деді ол.
Осыған орай бас санитар Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті шектеу сипатындағы барлық іс-шараны ескеруді және сақтауды, атап айтқанда, ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үй жағдайында өткізбеуді ұсынатындығын баса айтты.
«Сонымен қатар қонақасы немесе бірге уақыт өткізу үшін келгісі келетін отбасы мүшелері мен достарына да келуге жол бермеу керек. 65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында қалады. Осыған байланысты қасиетті Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуді ұсынамыз. Пандемия кезінде әлеуметтік арақашықтық сақтау өте маңызды екенін ұмытпаңыздар. Сондықтан біз барлық ұсыныстарды орындауға және пандемия мен күресте жауапкершілік пен бірлікті көрсетуге шақырамыз», деді елорданың бас санитар дәрігері.




08 сәуір 2021 ж. 2 038 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 75

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 78

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930