Тазалық табалдырықтан басталады
Тазалық – ең алдымен мәдениеттіліктің көрінісі. Оның үстіне лас, күл-қоқыс қаптаған аумақта өмір сүру адамның денсаулығына да әсер етпей қоймайтыны белгілі.
Әр аптаның соңында қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарайтын азаматтар сенбілікке шығып, айналаны түрлі қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Игі үрдіс жұма күні де жалғасын тапты.
Аудан әкімдігінен бастап, дербес бөлімдер мен кәсіпорындар 55 мекемеден, 225-ке жуық адам тазалықты сақтауға белсенді атсалысты. Жаппай еңбекке тарту барысында жанашыр кәсіпкерлердің берген 3 техникасымен №5 кварталдағы қазақ қорымы маңындағы қоқыс үйінділері тегістеліп, көмілді.
– Мектепбай каналы аймағын жыл сайын тазартуда. Дегенмен тұрғындар қоқыстарын тастауды доғарар емес. Әр адам өмір сүріп отырған жерін өз үйіндей көрсе, қоршаған ортаға да залалын тигізбес еді, – дейді Әйтеке би кенті әкімдігінің ұйымдастыру бөлімнің басшысы Тәуіржан Құлмұратов.
Оның айтуынша, "Мектепбай" каналы аумағы, "Водокачка" елді мекені жол бойы қоқыстардан тазартылды. Жалпы кент тазалығын сақтау баршаның міндеті екендігін Әйтеке би кенті әкімдігі ескерту жасап, тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға шақырады.
Әйтеке би кенті әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың тікелей қадағалауымен тазалық шаралары күнделікті іске асырылуда. Орталық көшелер мен белгіленген аумақтар тұрмыстық қатты қалдықтардан арылтып отырады. Дегенмен шет аймақтарға тұрғындар бей-берекет қоқыс тастауды әдетке айналдырған. Талай рет түсіндірме насихаттық жұмыстар жүргізіліп, рейд жасалса да тазалық мәдениетіне қазалылықтарды қалыптастыру қиынға соғып тұр. Осыған орай үздіксіз ақпараттандыру және қоршаған ортаны аялау кеңестері тұрақты әлеуметтік желіде жариялануда.
Тазалыққа жауапты мекеме күн сайын аудан орталығының тазалығымен айналысып келеді. Көше бойлары мен қиылыстарында ретсіз шашылып жататын тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап жүрген азаматтардың шағымы бойынша қазалылықтардың көпшілігі тазалыққа жауапкершілікпен қарамайтындығы байқалады.
Өткен аптада Водокачка маңына барар жолға сенбілік жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда тазалыққа салғырт қарайтын Әйтеке би кентінің тұрғыны жеке "ЗИЛ" маркалы көлігімен жиналған тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленбеген орынға тастау кезінде назарға ілікті.
Тәртіпті қадағаламаған тұрғын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 505-бабына сәйкес, белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын тастағаны және елді мекеннің абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Заң аясында жауапқа тартылды және қомақты айыппұл салынды.
"ҚазалыКөркемСервис" ЖШС тарапынан орталық көшелердегі бордюрлердің жиектерін құмдардан тазарту, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жұмыстары атқарылды.
Көркейту-көгалдандыруға байланысты аяқсу арықтарының су жүретін жолдары түгелдей аршылды. "Ақарық" пен "Қараарық" каналдарындағы шөп-шалаңдар шабылып, осы айда кент көшелеріне аяқсу беру жоспарлануда. Жауапты мекеме тарапынан белгіленген орындарға су айдайтын насостарды орнату ісі тиісті мердігерге тапсырылады. Аяқсуға арналған ақауы бар құбырларды ауыстыру мен жаңадан арық қазу жұмыстары қолға алынуда. Соның ішінде "Қазалы Строй Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Ж.Аймауытов көшесінің бойындағы аяқ су арықтарын қайта қазу жұмыстары іске асырылуда. Осындай ауқымды жұмыстармен қатар қазір Әйтеке би мен Жалаңтөс баһадүр саябағына және орталық көшелерге қаламшалар егілуде.
Мұнымен қоса, билбордтарды ауыстыру, талдарды әктеу, бағдаршамдарды іске қосу мен Қ.Пірімов көшесі соңындағы айналма жолдың бойында орналасқан монументтің сынған плиталары жабыстырылып, қайта қалпына келтірілді. №5 квартал аумағындағы Қарасақал Ерімбет, Ә.Әліпбаев, Қорқыт ата, Жетес би көшелері бойындағы түнгі жарықшамдардың лампаларын ауыстыру жұмыстары мердігер "Энергиянұр" ЖШС мекемесі арқылы жүргізілді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА