Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі кезеңге дайындық пысықталды

Келесі кезеңге дайындық пысықталды

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында көрсетілген міндеттер, «Covid-2019»`пандемиясының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, медициналық-демографиялық ахуал, тұрғындардың сырқаттанушылық деңгейі, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері туралы Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева мен Қазалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасының басшысы Гүлсім ­Имандосова брифинг өткізді.
Жиында алғаш болып сөз алған Гүлсім Имандосова аудандағы эпидемиологиялық ахуал мен коронавирус инфекциясының алдын алу талаптарының сақталуы туралы баяндама жасады. Бас санитардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда Қазалы ауданы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақталған. Коронавирус диагнозымен соңғы науқас тамыз айының 5 күні тіркелген.
Індеттің алдын алу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №59 қаулысы, Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 қаулысы, аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №8 қаулысы шығып, қазірге дейін бірқатар жұмыс атқарылған. Ауданда коронавирус инфекциясын болдырмау мақсатында штаб құрылып, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев басшылық жасап отыр. Жоспарланған барлық іс-шаралар бақылауда ұсталып, қатаң қадағалануда.
Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімі мен мобильді топтардың рейдтік іс-шарасы нәтижесінде барлығы 142 карантин талаптарын бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 122-сі ішкі істер бөлімінен жолданған дәлелдеме негізінде, 20-сы мобильді топтың рейдтік жұмыс жүргізу барысында анықталған. Соған сәйкес 89 айыппұл бұқаралық басқосу өткізгендерге, 49 айыппұл кәсіпкерлік нысандарда бетпердесіз қызмет жасаған тұлғаларға, 4 айыппұл белгіленген уақыттан артық жұмыс жасаған кәсіпкерлерге салынған. Соңғы кезде анықталған 11 іс бойынша хаттама толтырылып, қарауға алынып отыр.
Басқарма мамандары тарапынан халыққа түсіндірме жүргізіліп, 317 нысанға санитариялық ағарту жұмыстары жасалған. Індеттің алдын алу мақсатында 1560 парақша таратылып, 98 дәріс пен 114 радиолекция оқылып, әлеуметтік желі бетіне 557 ақпарат таратылған.
– Мобильдік топтар қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан аудан көлемінде әлі де үйлену, ұзату тойлары, құдалық, туған күн сынды рәсімдерді атап өтуге тоқтау болар емес. Сонымен қатар әр кәсіптік сала бойынша да тиісті атқарылатын коронавирус инфекциясының қаупсіздік шараларын қатаң сақтауды да өз дәрежесінде орындау қажет екенін айта отырып, барлық тұрғындардың маскалық режимді орындап, әлеуметтік ара қашықтықты бұзбай, қолдың және жеке бас гигенасы тазалығын сақтаудың маңызы бар екенін айта кеткім келеді, – деді Гүлсім ­Имандосова.
Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева Қазалы ауданы бойынша қазіргі таңда коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық және алдағы уақытта атқарылатын іс шаралар туралы мәлімдеді.
– Инфекцияның екінші толқынына дайындық барысында аурухананың қабылдау бөлімі, жедел жәрдем бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімі мен емханаларда оқу-жаттығу сабақтары тұрақты жүргізіліп отыр. Шұғыл іс-шара жоспары жасалып, қазіргі таңда Covid-19 инфекциясының алдын алу бойынша нақты қадамдар жүргізілу үстінде. Онлайн және әлеуметтік желілер арқылы халыққа түсіндірме жүргізіліп, медицина қызметкерлері жеке қорғаныш киімдерімен және арнайы залалсыздандыру ерітінділерімен қамтылған – дейді ол.
Әрбір келіп түскен азаматты коронавирус індетін жұқтырған ықтимал тасымалдаушысы деп бағалай отырып, дәрігерлер мұқият тексеру жүргізеді. Қабылданған ережелерді қатаң сақтап, қабылдау бөліміне түскен науқастың температурасы, қан қысымы, сатурация анықталып, өкпе соғысы тыңдалады. Асқазан мен тері қабаты тексеріліп, ПЦР-ге жұғынды алынып, талдауға жіберіледі.
Коронавирус инфекциясына ауданда наурыз айынан бастап ПЦР әдісімен 2412 тест жүргізілген. 9 айдың нәтижесі бойынша 99 адам тіркеліп, 95 науқас жазылып шығып, 4 адам қайтыс болған.
Одан бөлек, пневмония бойынша 325 науқас тіркеліп, 297 адам аурудан айығып, 28 науқас көз жұмған. Олардың ішінде аурумен күн-түн демей алысқан ақ халатты абзал жандар да бар. Сондай 18 медицина қызметкері ауруға шалдығып, екеуі қайтыс болған.
Қазіргі таңда ауданаралық ауруханада коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қоры екі айға толық жеткілікті жасақталған. Вирусқа қарсы дәрілер азитромицин 894, коронавир 1000, рибавирин 1050, бір реттік қолғап 300 жұп, тері антисептигі 709, сұйық сабын 279 литр тағы осы сынды қолданысқа керек заттар жинақталған.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
04 қараша 2020 ж. 554 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 68

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031