COVID-19: Күрделі індет – күресу міндет
Жыл басынан бері Қазалы ауданы бойынша коронавирус инфекциясымен 20 науқас тіркеліп отыр. Атап айтқанда, елді мекендер бойынша Ақтан батыр, Жанқожа, Қожабақы, мен Қазалы қаласы және Әйтеке би кентінен есепке алынды. Олардың ішінде бала саны – 6, оқушысы – 5. Соңғы тәулікте 2021 жылдың 30 наурызында 3 науқас Әйтеке би кентінен тіркелді. Ауру ошақтарында әлемді шарпыған індеттің алдын алуда барлық тиісті іс-шаралар атқарылды.
Аудан көлемінде ауру көзінің тіркелуінің өршуіне байланысты жан-жақты жедел алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жерде санитарлық ағарту шарасы жандандырылып, мобильдік топтар жұмысы күшейтілді. Той-жиындарды болдырмау барысы атқарылуда. Бұл ретте карантин талаптарын бұзған 13 жеке тұлғаға, 1 кәсіпкерге, 3 лауазымдық тұлғаға айыппұл салынды.
Бүгінде індетті болдырмау мақсатында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін – вакцинациялаудың маңызы зор екендігін білдіремін. Осыған орай ауданда бірінші кезекте медициналық қызметкерлер екпе алды. Енді педагогтар, ішкі істер қызметкерлері жоспарлы вакцина алу ерікті жүргізіледі.
“Ковид-19” республика көлемінде өршуіне байланысты аудан тұрғындарын сақтық шараларын, маскалық режим мен арақашықтықты сақтауға, қолды жиі жуу мен қол алыспау, көпшілік жиын тойларға бармауға және ұйымдастырмауға шақырамын. Осы ережелерді қадағалап, баршамыз аман-саулықта індеттің алдын алуға атсалысайық.
Гүлсім ИМАНДОСОВА,
Қазалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы