Екпе алу неге баяу?
«Қызыл аймақтағы» өңірдің бірі – Атырау. Қазір мұнда коронавирус инфекциясының қайта көбеюіне байланысты шектеу шаралары күшейтіліп, таратпау мәселесі қайта пысықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, Үкімет пен облыс әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ демеуші компаниялардың көмегімен қауіпті вирусты инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қажетті жабдықтар сатып алыныпты.
– Атап айтқанда, облыстағы ауруханалар 4 МРТ, 12 компьютерлік томография, 41 рентген аппаратымен қамтылды. Бұған қоса ауруханаларда 669 оттегі концентраторы, 1 514 пульсоксиметр, 267 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Сегіз ауруханада оттегі стансасы іске қосылды, – дейді Қ.Абдалиев.
Оның мәліметінше, жедел медициналық жәрдем стансасының автопаркі толық жаңартылыпты. Қазір бұл стансада «103» қызметіне түскен шақыруға баратын 113 арнайы көлік пен 7 жылжымалы медициналық кешен бар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ПТР-тест жүргізетін 15 зертхана жұмыс істеп тұр. Бұл зертханаларда былтырғы наурыздан бері жүргізілген ПТР-тест саны 827 мыңға жетіп отыр. Қазір тәулігіне 8 300 ПТР-тест зерттеуін жүргізуге болады. Ал биылғы наурызда коронавирус инфекциясына қарсы 95 мың ПТР-тест алыныпты.
Алайда облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауов коронавирус инфекциясының өршуі әлі бәсеңдемегенін жеткізді. Оның мәліметіне сүйенсек, қауіпті вирус науқаспен жақын қарым-қатынаста болудан 22,5%, қоғамдық көлікте жүрумен байланысты 7,2%, адамдар көп жиналатын орындарға барғаннан 26,9%-ға артқан. Ал вахталық кенттерде жұмыс істейтіндер арасында, тұратын жерінде жұқтыру 43%-ды құрап отыр.
– Жыл басынан бері 6 546 рейдтік тексеру өткізіліп, 27 296 нысан қамтылды. Мониторингтік топтар 213 құқық бұзушылықты анықтады. Ал наурызда анықталған 64 құқық бұзушылыққа қатысты шағын және орта бизнес нысандарына, жеке тұлғаларға 3 млн 853 мың теңгенің 49 айыппұлы салынды. Бұл айда адамдардың отбасылық шараларға көптеп қатысуынан коронавирус инфекциясы 18 пайыздан 26,9 пайызға жоғарылады, – дейді М.Танауов.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 1 ақпаннан бері Спутник V вакцинасының бірінші компонентін 3 600 адам салдырыпты. Ал, екінші компонентін 1 255 адам алып отыр. Екі айда вакцина салдырғандардың арасында 1 611 медқызметкер, 1 413 педагог, 486 полицей бар. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің 42 өкілі вакцина салдырды. Енді бүгін, 2 сәуірде Спутник V вакцинасының тағы да 3 600 дозасы жеткізілмек.