Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды желдету аппараттары жеткізілді

Жасанды желдету аппараттары жеткізілді

Қазіргі кезде індетке шалдыққан науқастар саны артуда. Осыған байланысты ауруханаларда өкпені жасанды желдету аппаратына қажеттілік туындап отыр. Бұл ретте Қазалы ауданындағы медициналық мекемелерде аталған аппараттың саны қанша, оларды сатып алуға қауқарлы ма?
Мамандардың айтуынша, бұл аппарат әртүрлі болады. Мәселен, өздігінен демала алмайтын науқастарға өкпені жасанды желдету аппараты қолданылады. Ал өздігінен оттегімен дем алатын емделушілерге концентрат пайдаланылады. Қазалы ауданаралық ауруханасында сегіз, Қазалы теміржол ауруханасында төрт өкпені жасанды желдету аппараты бар. Аппараттың бұл түрі стационарлық деп аталады. Бұл реанимациялық және анестизиялық құрылғылардың үздігі деп саналады. Ол стационарлық, ұзақ жылдар бойы жұмыс істейді, оның мүмкіндіктері көп. Адамға ауаның тиісті көлемде жеткізіліп тұрғанын қадағалайды. Медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді.
– Аудан әкімдігі, жеке кәсіпкерлер, ерікті жастар бізге қолдау көрсетуде. Оттегі концентраттары мен баллондарды жеткізіп беріп жатыр. Бұдан бөлек те медициналық бұйымдарды әкеліп берді. Әлі де жанашырлық танытып жатқандар бар. Бұл үлкен көмек. Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып, науқастардың тезірек айығып кетуіне жұдырықтай жұмыла кіріскен әр азаматқа алғысымыз шексіз, – дейді аурухана басшылары.
Қазалы ауданындағы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен селекторлық жиында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев індеттің алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған болатын.
Бүгінгі күнге дейін ауданда COVID-19 инфекциясымен 78 науқас тіркелген. Олардың 8-і инфекциялық бөлімінде ем алып жатса, 26-ы жеңіл жағдайда болғандықтан үй карантинінде. Ал, 44 науқас індеттен толық айыққан. Пневмония диагнозы бойынша 59 науқас тіркелген. Оның 43-і ауданаралық ауруханада, 16-ы теміржол ауруханасында ем алуда. Ауруханадағы науқастардың кислород тапшылығын болдырмау мақсатында медицина мекемелеріне 400 дана оттегі толтырылған баллондар берілді. Жергілікті ауруханаларға аудандық бюджеттен қосымша 5 дана оттегі концентраторын сатып алынды. Бұған қоса кәсіпкерлер мен ынталы топтар арқылы қосымша 10 дана оттегі концентраторы алу жоспарлануда. Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар Қазалы ауданаралық ауруханасы мен Қазалы теміржол ауруханасында емделуде.
Бүгінгі күні аудандық ауруханадағы 70 орындық провизорлық стационарда 40 науқас ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ Қазалы теміржол ауруханасының 20 төсектік провизорлық стационардың толық болуына орай, жанындағы бұрынғы перзентхана ғимаратын 50 орындық провизорлық стационарға бейімдеу мүмкіндігі қарастырылмақ. Эпидемиологиялық ахуал күрделене түскен жағдайда Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасын да 35 орындық провизорлық стационарға бейімдеу қолға алынатын болады.
Халықтың сұранысына сәйкес ауданда жылжымалы дәріхана тәжірибесі қолданылады. Бүгінгі күні аталған дәріхана арқылы көпшіліктің сұранысына ие болып, қажетті дәрі қорларын жасақтап, тұрғындарға жеткізу ұйымдастырылуда.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
26 шілде 2020 ж. 974 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930